Оттан түс

Сиқырлы бақыр туралы ертегі

Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты. Бір күні ол жидек теруге барғанда, жолай бір кемпірге кездеседі.

Жақсылыққа — жақсылық

Кемпір қызға: — Аманбысың, қызым? Жидегіңнен берші, — дейді.

Қыз еш тартынбастан: — Мә, жеңіз, әже, — деп жидегін ұсынады.

Жидекті жеп болған соң, кемпір разылығын білдіріп: — Сыйға — сый, сыраға — бал. Сен маған жидегіңнен бердің, мен де саған бірдеңе беруім керек, — дейді.

Сөйтіп ол қызға бір бақыр береді де, оның құпиясын үйретеді:

— «Бір, екі, үш. Бақыр, піс!» — десең, тәтті, дәмді бөкпен қайнап шыға келеді.

Ал тоқтатқың келсе: — «Бір, екі, үш. Оттан түс!» — дейсің.

Қыз: — Рақмет, әже, — деп, бақырды алып үйіне, анасына келеді.

Үйдегі қуаныш

Бақырды көрген анасы қатты қуанады. Қуанбағанда ше? Енді ол еш әуреленбей-ақ, тұяғы қимылдамай-ақ, түске тәтті, дәмді бөкпен әзірлей алатын болды.

Бір күні қызы сыртқа кеткенде, анасы бақырды алдына қойып: — Бір, екі, үш. Бақыр, піс! — дейді.

Сол сәтте-ақ бақырда бөкпен қайнай жөнеледі. Көп бөкпен пісіп шығады. Анасы тойғанынша жейді.

Ұмытылған сөз және тоқтаусыз бөкпен

Бірақ бақыр қайнауын тоқтатпай қояды. Тоқтату үшін «Бір, екі, үш. Оттан түс!» деу керек еді, анасы соны ұмытып кетеді. Қызы болса үйде жоқ.

Оқиғаның өрбуі

Бақырда бөкпен қайнай береді, қайнай береді. Бөлме іші лық толады да, дәлізге, басқышқа қарай ағады.

Ақыры бүкіл көшені қаптап кетеді — бөкпен тоқтаусыз қайнап шыға береді.

Анасы не істерін білмей қорқып, қызын іздеп сыртқа жүгіріп шығады. Бірақ көшеде буы бұрқырап ағып жатқан бөкпеннен өте алмай, аңтарылып қалады.

Құтқарған — ақылды қыз

Абырой болғанда, қыз алысқа ұзап кетпепті. Көшедегі көл-көсір бөкпенді көре сала, ол үйіне қарай жүгірген екен. Әрең дегенде басқышқа шығып, есікті ашып айғай салады:

Бір, екі, үш. Оттан түс!

Сол сәтте-ақ бақыр бөкпен қайнатуын лезде тоқтата қояды.

Ал қайналып төгілген бөкпеннің молдығы сонша — деревнядан қалаға аттанған жолаушы әуелі бөкпенге толы жолды жеп, аршып өтуі керек екен.

Бірақ бұл машақатқа ешкім де ренжімепті. Өйткені бөкпеннің дәмі мен тәттілігі соншалық керемет болған екен.