Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы рухани жаңғыру дəлел

Әрбір адам дүниеге келгеннен кейін есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Меніңше, ең басты өмірлік міндетіміз — рухани жаңғыру.

Рухани жаңғыру — адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімнің өсуі, жаңа өзгерістерді қабылдай білуі. Оны өркениеттің өрге жүзумен, қоғамның дамумен сабақтастырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, ұлттың өркендеуі мен ілгерілеуіне рухани жаңғырудың ықпалы айқын екенін көреміз.

Рухани сапардың әсері

Рухани жаңғыру аясында біз Жаңаөзен политехникалық колледжінің атынан Қараман ата жер асты мешітіне бардық. Бұл орынның ең ерекше қыры — мешіттің жер астында орналасуы.

Жер асты мешітінің тарихы

Аңыз-әңгімелерге сүйенсек, жаугершілік замандарда жер асты мешітін салу арқылы көптеген отбасы аман қалған. Бұл — қиын кезеңде халықтың бірлігін, қауіптен сақтану амалын және сенімнің беріктігін аңғартатын тағылымды дерек.

Жол бойындағы әулиелер мен шырақшы әңгімесі

Мешітке барар жолда біз көптеген әулиелердің орындарын көрдік. Шырақшы олардың кім болғанын, өмір жолын және қандай себеппен дүние салғанын қысқаша әрі түсінікті етіп баяндап отырды. Бұл әңгімелер сапардың мәнін тереңдете түсті.

Қараман ата туралы

Жер асты мешітіне жеткен соң шырақшы Қараман атаның дау-жанжалды шешуде әділдігімен танылғанын, мінезі қатал болғанын айтты. Сонымен қатар, тәлім-тәрбиеге негізделген көптеген өнегелі әңгімелермен бөлісті.

Өткенге көз жүгірту — келешекке бағдар

Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа қатысты парасатты пікіріміз бен көзқарасымызды білдіруге шақырылады.

«Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақ, жаңғыру жөніндегі осы ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы».

Рухани жаңғыру идеясының мәнін айқындайтын ой

Қорытынды

Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындаған табысты ел болуға ұмтылайық. Жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті ұштастырып, бірлік туының астында бақытқа бірге жетейік.

Аманқосова Назира

Жаңаөзен политехникалық колледжі