Дүниеге келгені: 1932 қырқүйек
Өмірбаяны
Шерхан Мұртаза (28 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).
Туған жері мен жылы
1932, 28 қыркүйек
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы
Мамандығы
Жазушы, қоғам қайраткері
Публицистика, проза, драматургия, аударма
Білімі
1955 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдады.
Қызмет жолы
Әдебиет пен баспасөз саласындағы еңбек жолын 1950-жылдардың орта тұсында бастап, әр кезеңде тілші, әдеби қызметкер, редактор, бас редактор және басшы қызметтерін атқарды.
-
1955–1956
Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы
-
1956–1960
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті
-
1960–1963
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті
-
1970–1972
«Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясы және «Жалын» альманахы — бас редактор
-
1972–1975
«Жұлдыз» журналы — бас редактор
-
1975–1980
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы — екінші хатшы
-
1980–1989
«Қазақ әдебиеті» газеті — бас редактор
-
1989–1992
«Егемен Қазақстан» газеті — бас редактор
-
1992–1994
Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясы — төраға
Қоғамдық-саяси қызметі
- ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 және 13-шақырылымдарының депутаты.
- ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-шақырылым депутаты.
- ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі болды.
Шығармашылық мұрасы
Алғашқы қадамдар
Шығармашылық жолын студент кезінен аудармамен бастады: Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт», М. Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Тұңғыш кітабы — «Құрылысшы Дәку» очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді.
Повестер мен әңгімелер
Жазушы прозасында замандас келбеті, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегі және күнделікті өмірдің әлеуметтік-психологиялық қырлары кең қамтылды.
Маңызды жинақтар
- «Интернат наны» (1974) — әңгімелер жинағы
Таңдамалы повестер
- «Табылған теңіз» (1963)
- «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965)
- «Белгісіз солдаттың баласы» (1967)
- «Мылтықсыз майдан» (1969)
- «41-жылғы келіншек» (1972)
- «Ахметжанның анты» (1973)
Романдар
Роман
«Қара маржан» (1976)
Өндірістің дамуы, адам мен қоршаған ортаға жауапкершілік, ғылыми-техникалық төңкеріс тақырыптарын көтереді. 1978 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Роман-трилогия
«Қызыл жебе» және жалғасы
Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өміріне арналған шығармалар желісі: «Қызыл жебе» (1–2 кітап, 1980) және «Жұлдыз көпір» (3 кітап, 1984).
Драматургия
- «Қызыл жебе» (1987, Қ. Ысқақовпен бірге)
- «Сталинге хат» (1988)
- «Бесеудің хаты» (1989)
Аудармалары
Әлем әдебиеті мен фольклор үлгілерін қазақ тіліне тәржімалады: Г. Х. Андерсеннің әңгімелері, венгр халық ертегілері, сондай-ақ Ш. Айтматовтың бірқатар повестері мен романдары (соның ішінде «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жанпида»).
Қоғамдық ой және публицистика
Шерхан Мұртаза шығармашылық еңбегімен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне белсене араласты. Қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін — ел, жер, тіл тағдырын — көтерген мақалалар мен эсселер жазды.
Марапаттары мен құрмет атақтары
Марапаттары
- «Құрмет белгісі» ордені
- «Отан» ордені (1999)
- Бірнеше медаль
Құрметті атақтары
- Жамбыл облысының Құрметті азаматы
- Тараз қаласының Құрметті азаматы
- Астана қаласының Құрметті азаматы
Дереккөз ретінде берілген мәтін редакциялық өңдеуден өтті.