Инвестиция және оның түрлері
Инвестиция — өндірістегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық игіліктерді көбейтуге және экономикадағы капитал қорын арттыруға бағытталған шығындар.
Инвестицияның негізгі бағыттары
Нақты инвестиция
Материалдық активтерге (ғимарат, жабдық, өндірістік инфрақұрылым және т.б.) қаржы салу.
Қаржылық инвестиция
Құнды қағаздарға (акциялар, облигациялар және басқа құралдар) қаржы жұмсау.
Құрылымы бойынша
Жалпы инвестициялар
Жаңа негізгі капиталға жұмсалған капитал мөлшері.
Таза инвестициялар
Ауыстырылған негізгі капиталдан амортизация құнын шегергеннен кейінгі жұмсалған капитал.
Инвестициялау нышандары бойынша
Негізгі қорға салым
Ғимараттар, өндірістік құрылыстар, ірі көлемді нысандар, құрал-жабдықтар үшін инвестициялар.
Тұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй нысандарын салуға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялар.
Сақтық қор
Тәуекелдерге қарсы қор қалыптастыруға арналған инвестициялар.
Субъектілер бойынша
Инвестициялар қатысушылардың табиғатына қарай мемлекеттік, жекеменшік және сыртқы (шетелдік) болып бөлінеді. Негізгі екі түрі:
Тікелей инвестиция
Өндірістік кәсіпорындарға тікелей қаржы салу (жобаларға қатысу, кәсіпорынды кеңейту, жабдықтау және т.б.).
Портфельдік инвестициялар
Пайда табу мақсатында акция, облигация және басқа құнды қағаздарды сатып алуға бағытталған инвестициялар.
Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар
Объективті факторлар
- Табыс деңгейі
- Пайыз нормасы
- Өндіріс көлемінің өзгеруі
- Пайда мөлшері
- Капитал қоры
Субъективті факторлар
- Кәсіпкердің инвестициялауға бейімділігі
- Ынта, тәуекелге қатынасы және басқарушылық шешім қабылдау стилі
- Жеке мақсаттар мен басымдықтар
Глоссарий №1
Экономикалық заңдар
Экономикалық процестер мен құбылыстардағы тұрақты сақталатын, берік орныққан объективті өзара тәуелділіктер мен себеп-салдарлық байланыстар.
Акция
Акционерлік қоғамға қатыстылықты білдіретін, табыстан үлес алуды куәландыратын бағалы қағаз.
Бәсеке
Нарықты реттеуші күш.
Пайда
Кәсіпорынның мақсаты және оның негізгі қозғаушы күші.
Қаржы
Қоғамның ақшалай қаржы қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Салық
Жеке және заңды тұлғалардың мемлекет белгілеген заңдар негізінде міндетті түрде төлейтін төлемдері.
Акционерлік қоғам
Жарғылық қоры акция шығару және оны сату арқылы қатысушылардың салымдарын біріктіру нәтижесінде құрылатын кәсіпорын түрі.
Аванс
Алдағы төлемдер есебінен берілетін ақшалай сома немесе өзге мүліктік құндылық.
Ақша
Тауарлар мен қызметтердің өлшемі болып табылатын, жалпыға бірдей балама рөлін атқаратын және кез келген тауарлар мен қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар.
Инфляция
Ақша айналысындағы артық ақша массасының салдарынан бағаның жалпы деңгейінің өсуі және ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Банкнот
Эмиссиялық банктер айналысқа шығарған қағаз ақша белгілері.
Несие
Қарыз капиталының қозғалысы; қайтарымдылық, мерзімділік және ақылы негізде берілетін экономикалық қатынас.
Банк
Ақша қаражатын жұмылдыру, оны несие түрінде орналастыру және банк заңдарына сәйкес өзге де операцияларды жүзеге асыратын ұйым.
Пайыз
Ақша капиталы үшін төленетін ақы; көбіне несие және банктегі салымдар бойынша есептеледі.
Еңбек
Адамның қажетті игіліктерді өндіру үшін жұмсаған дене және ақыл-ой энергиясы.
Айырбас
Бір өнімнің басқа өнімге алмастырылу процесі.
Тұтыну
Қажеттілікті қанағаттандыру үшін игіліктерді пайдалану.
Өндіріс
Игіліктерді өндіру процесі; экономиканың бастапқы негізі, тірегі.
Биржа
Стандартталған тауарлардың көтерме сауда нарығы, сондай-ақ валюта, бағалы қағаздар және жұмыс күшін сатып алу-сату операциялары жүргізілетін нарық.
Сұраныс
Белгілі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтерге деген қажеттілік (сатып алу көлемі).
Ұсыныс
Тауар өндірушінің нарыққа сатуға шығарған тауарларының саны (көлемі).
Инвестиция
Өндірістегі құрал-жабдықтардың қорлануына, материалдық игіліктерді көбейтуге және экономикадағы капитал қорын арттыруға жұмсалған шығындар.