Мектеп директорының құттықтау сөзі

Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы

Жаңбырова Тоғжан — №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсат

  • Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің берік негіз болып қаланатынын айқындау.
  • Бастауышпен, алғашқы қалам ұстатқан алғашқы ұстазбен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру; әр баланың ерекшелігін танытып, сәт-сапар тілеу.
  • Мектеп пен ұстазды құрметтеуге, білімге құштарлықты арттыруға, Отанның адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы
  • Слайдтар
  • Қанатты сөздер мен тақырыптық жазбалар

Кіріспе сөз

Мұғалім сөзі

Бұл оқу — тамақ болар қарның ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең, білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда.

— Міржақып Дулатұлы

Тарыдай болып кіріп, ақыл-ойы толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен «Қош бол, бастауыш!» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер, оқушылар! Бүгін — бәріміз үшін ерекше күн: осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз бастауыштағы білімнің берік іргесін қалап, енді орта буынға қадам басқалы отыр.

Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат.

Ендеше, бастауыш сыныпты аяқтап отырған түлектерімізді ортаға шақырайық!

Сахналық белгі

Музыка әуенімен 4-сынып түлектері ортаға шығады.

Төрт жылдық естеліктер

Алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін — ес біліп, етек жиған шәкірттер. Бұл жылдар ішінде «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Әдепті бала», «Әнші, биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны», мәнерлеп оқу сайыстары, түрлі тақырыптағы көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары — бәрі-бәрі балалық шақтың жарқын беттеріне айналды.

Балалық шақ — биік асуға беттеген ғұмырдың бастауы. Бүгін біздің бүлдіршіндер бастауышпен қоштасып, тағы бір белеске көтерілгелі отыр. Ендеше, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

Жүргізушілер сөзі

Есен

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Гаухар

Армысыздар, әжелер мен аналар!
Ұрпағыңыз күнде өзіңізден бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Тұралбек

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Айнұр

Армысың сен, алтын ұя мектебім!
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән

«Мектебім» (Бота Бисенова)

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

Мектеп туралы жырлар

1-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені, мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, мектеп деген даналардың мекені.

2-оқушы: Мектебім — білім берер алтын ұям. Ер жетіп, сенде сөзім артты, санам. Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай, әрқашан қасиетті атың маған.

3-оқушы: Армысың сен, алтын ұя мектебім, саған айтар жыр-алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, мақтан етем сені мәңгі, мектебім.

4-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, алтын ұя, ақ босаға киелі. Қанат қаққан білім алып өзіңнен, күллі шәкірт саған басын иеді.

5-оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

6-оқушы: Мектеп — үйім, ұстазым менің — ата-анам. Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек, тамырланып сан тарапқа тараған.

7-оқушы: Мектебім — сүйікті мектебім, бауырыңда түлеймін, көктеймін. Сен — бұлақ, мен — қайың бүр ашқан, өзіңнен нәр алып көктедім.

8-оқушы: Мектеп — кеме, білім — теңіз, барар жерге тез жетеміз. Төрт жыл алған білім нәрін азық етіп ер жетеміз.

Ән

«Үйретеді мектепте»

Ұстазға тағзым

Ой-толғау

Абай атамыз: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» — деген. Алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындатқан жан — ұстаз.

9-оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, бар асылын бізге жиып, мол береді. Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

10-оқушы: Сен үйреттің әділдікті, адалдықты, ажыраттық жамандықты. Сен салған ақ жолыңды жалғайтын балаң бар екенін ұқ.

11-оқушы: Құлағымда өзің берген кеңестер. Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

12-оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай, ұстазымның жүзіндегі нұр қандай!

13-оқушы: Ұстазым, өзің едің асқақ әнім. Ұлылықтың басталары ұстаз ұлағатынан ұғындым.

14-оқушы: Мұғалім — ұстазысың балалардың, болашақ ғалымдардың, даналардың.

15-оқушы: Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе — баланың жан дүниесін жаулап алған.

16-оқушы: Дарыттың адамдықты шәкіртіңе, дамыттың дарын отын бейімдінің.

17-оқушы: Алғашқы ұстаз — ерекше тұлға, ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.

18-оқушы: Есіміңіз жан жүректе жатталады — адамға аяулы үн сияқтанған.

19-оқушы: Біз әлі биіктерден көрінеміз, үмітіңіз бен сеніміңіз ақталады.

Бәрі бірге

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән

«Ұстазға мың тағзым» (Б. Бисенова)

Бастауышпен қоштасу

20-оқушы: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз, әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

21-оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, бірте-бірте мектептің ережесін үйрендік.

22-оқушы: Өмірдегі жолымды өзіңнен бастадым, әріпті алғаш сенен бастадым.

23-оқушы: Бір мектептің ұлы менен қызымыз, күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

24-оқушы: Бастауышта алған білім — мәңгі талай жылдарға азық болар.

25-оқушы: Бастауышым — бал бұлағым, әріп танып, білім алып рахметімді жаудырамын.

26-оқушы: Бастауышым — бал бұлағым, өзің берген біліміңмен самғап ұшар тау қыраным.

27-оқушы: Қоштасар күн жетті міне, қимастықпен қол бұлғаймын.

Пәндерге алғыс

28-оқушы: Жоғары сыныптардағы әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия пәндеріне негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқыдық.

29-оқушы: Ана тілін ерекше зор құрметпен оқыдық. Ана тілмен қоштасып, әдебиетпен достасамыз.

30-оқушы: Ойланып есеп шығартып, төрт таңбаны білдірген — ғылымдардың патшасы, математика данасы.

31-оқушы: Қазақ тілі пәнінен сөйлемді, сөз таптарын, етістіктің шақтарын, жалғаулар мен жұрнақтарды, ережелерін үйрендік.

32-оқушы: Дүниетану — өмір сырын үйретер пәннің бірі. Жер байлығы көп екенін ұқтырған осы сабақ.

33-оқушы: Ағылшын тілін үйреніп, тіл сындырып, ән айтып шаттандық.

Ән

«Бастауыш — балбұлағым»

Ата-анаға құрмет

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген — ата-анамыз. Тамағымыз тоқ, киіміміз бүтін болуы да сол кісілердің арқасы.

Әкеге алғыс

34-оқушы: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, аумайсың жарығы мол ашық күннен. Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін — ақылды балаларың оны білген.

Анаға тағзым

Халқымызда: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» — деген нақыл бар. Ананың ақ сүтін ақтай білу — ең үлкен парыз.

35-оқушы: Дүниеге әкелген — ол да сенің анашың. Ақ сүт беріп өсірген — ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген — ол да сенің анашың. Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!

36-оқушы: Білім алып, тер төгем, еңбек етем — өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән

«Мама» (Б. Бисенова)

Ұстаз тілегі

Жетекші болып жүрдіңіз түлегіңе, біздерді ойлап көңіліңіз жүдеп те. Шәкірттер, ұстаз сөзін тыңдаңыздар — сіздерге арнап айтар тілегі бар.

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік — шәкірттерім, ертеңіңе.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Келесі бөлім

Мектеп директорының құттықтау сөзі

Салтанатты сәт

Марапаттау рәсімі

Концерттік номерлер

  1. 1 Ұлдар хоры — «Тұлпарым» (Б. Бисенова)
  2. 2 Би — «Саржайлау»
  3. 3 Көрініс — «Кітаптар мұңы»
  4. 4 Күй — Кеңес Күзембаев
  5. 5 Би — «Қаражорға»
  6. 6 Қыздар хоры — «Әже» (Б. Бисенова)

Қорытынды

Ән: «Ең соңғы қоңырау» (Б. Бисенова)

Санат: Қазақша сценарийлер жинағы

Дереккөз: www.scenarii.biz/3002-bastauyshpen-koshtasu.html