Сөздер мен дыбыстар
Қарағанды облысы • Сәтбаев қаласы • №5 «Нұрбөбек» балабақшасы
Тәрбиеші: КМҚК І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Бүгінгі сабақта балалар дыбыс пен әріп туралы түсінігін кеңейтіп, сөйлем құрау арқылы сөздік қорын молайтады және ғарыш тақырыбы арқылы зерттеушілік қызығушылығын дамытады.
Сабақтың мақсаты
- Негізгі мақсат: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру.
- Білімділік: сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
- Дамытушылық: дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажыратуға үйрету; сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелік: ғарыш әлемінде өзін дұрыс ұстауға, ұстамдылыққа тәрбиелеу; топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету; жазуға қолды жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдер және құралдар
Әдіс-тәсілдер
- •Көрсету
- •Сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар
- •Кеспе әріптер мен буындар
- •Жұлдыз, зымыран және ғаламшар суреттері
- •Көкөністер мен жемістер (ойынға)
- •Дидактикалық материалдар
Билингвалды компонент
- Ғаламшарлар
- планеты
- Зымыран
- ракета
- Ғарышкерлер
- космонавты
Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлемдесіп аламыз.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қуант, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы күн, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Әңгімелесу: ғарыш туралы бастапқы түсінік
Сұрақ-жауап
-
Аспанда нелер болады?
Планеталар (ғаламшарлар) болады.
-
Жер қандай пішінде?
Жер глобус сияқты домалақ, дөңгелек пішінді.
-
Зымыран бізге не үшін қажет?
Ғаламшарларды зерттеу үшін қажет.
-
Зымыранмен кімдер ұшады?
Ғарышкерлер ұшады.
-
Зымырандар ұшатын орынды қалай атаймыз?
Космодром.
Тарихи деректер
Ең алғашқы ғарышкер — Ю.А. Гагарин.
Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер — Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кісілер — еліміздің мақтаныштары, ержүрек батырлар, халық қаһармандары.
Осындай батыл болу үшін біз білімді, тәртіпті, үлкен азамат болып өсуіміз керек.
Балаларға сұрақ
Сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме? Ендеше, бүгін ғарыш әлеміне саяхат жасап, қызықты тапсырмалар орындайық — біз ғарышкерлер боламыз!
Ғарышкерлер туралы тақпақтар
Кемел — Талғат Мұсабаев туралы
Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев!
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес, үш қайтара сапар шеккен,
Ержүрек, батыр едің, аға, неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз, қосамыз әнге атын.
Шыңғысхан — Тоқтар Әубәкіров туралы
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері — Тоқтар Әубәкіров!
Алтын бесік тербеткен Байқоңырдан аттандың,
Ең алғашқы қазақтың ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен бүгінгінің баласы,
Мүмкін олар ертең-ақ ізбасарың болады.
Саяхат бағыты: төрт ғаламшар — төрт тапсырма
1) Венера планетасы
Тақырып: сөздер мен дыбыстар
Негізгі ұғымдар
- •Дыбыс — естиміз.
- •Әріп — жазамыз, көреміз, оқимыз.
- •Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
- •Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болады.
«Ана» сөзіне дыбыстық талдау
- А — жуан дауысты дыбыс.
- Н — дауыссыз дыбыс.
- А — жуан дауысты дыбыс.
Барлығы: 3 дыбыс (2 дауысты, 1 дауыссыз).
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, атауын дұрыс дыбыстап айтады және сөздерді талдауға жаттығады.
2) Сатурн планетасы
Тақырып: буын
Сұрақ
Буын неден тұрады?
Буын — сөздің айтылу бөлімі. Сөздер буынға бөлініп оқылады.
Ойындар
- •«Өтілген әріптерге сөз ойла» (жылдам ойлау)
- •«Жасырынған сөзді тап»
- •«Өтілген әріпті ата да, тез сөз құра»
«Жасырынған сөзді тап» ойынының шарты
Балалардың алдында сандар жазылған карточкалар тұрады. Балалар карточкаларды ретімен ұстап тұрып, артқы бетін аударады. Артында жазылған әріптерден сөз құралады, қалған балалар оқиды.
| Реті | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Әріп | а | н | а | н | а | н | а | ғ | а |
3) Юпитер планетасы
Сергiту және тіл ұстарту
Сергіту сәті
Жұлдыздар қандай тамаша! Жарқырап тұр. Сендерге ұнай ма? Ендеше, көңілімізді көтеріп, сергіту жаттығуларын жасап алайық.
Балалармен бірге: тіл ұстарту жаттығулары.
Шынығу және оқу мотивациясы
Кел, балалар, кәнекей,
Парақтайық әліппей.
Талай қызық күтуде,
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа сен, жалықпа,
Оқы-тоқы арманда.
Бәрін білген балаға,
Жақын болар алыста.
4) Марс планетасы
Қонақ: робот • Білімді тексеру
Роботпен диалог
Робот: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жер шарын аралап жүрмін. Міне, Марсқа да келіп жеттім. Мен жай жүрген жоқпын — Марсты зерттеп жүрмін. Сендердің білімдеріңді тексергім келеді.
Робот: Сендер қай планетадан келдіңдер?
Балалар: Жер планетасынан келдік.
Робот: Өз әлемдерің жайлы не білесіңдер?
Балалар: Біз сізге тақпақтар айтып береміз және әріптер туралы білімімізді көрсетеміз.
Балжан
А — деген ол аналар ғой, ардақты,
Ә — деген ол әжелер ғой салмақты.
Б — деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да алшақ кетпес расында,
Тұрады олар — алфавиттің басында.
Мунира — «Ғ» әрпі
Ғасыр, ғылым, ғаламшар —
Ойлаған ғалым адамдар.
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар.
Мен — «Ғ» әрпімін.
Мұханбетәлі — «Н» әрпі
Нан — әлемнің азығы,
Дастарқанның қазығы.
Нар — түйенің асылы,
Өрісі — ел жазығы.
Мен — «Н» әрпімін.
Исмат
Барлық әріп бағалы —
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Аида
Тиіспе, күшік, қоянға,
Тентектікті қойыңдар!
Кикілжің жоқ араңда,
Тәту-тәтті болыңдар!
Роботтың бағалауы
Балалар, сендер қандай білімді әрі тапқырсыңдар! Мұндай балаларға қалай сыйлық бермейін? Бұл — жай сыйлық емес, сиқырлы сыйлық.
Қорытынды
Шеңберге тұрып қоштасу
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болыңдар!
Сабақта бекітілген дағдылар
- •Дыбыс пен әріпті ажырату
- •Дауысты/дауыссыз дыбыстарды жіктеу
- •Дыбыстық талдау жасау
- •Буынға бөліп оқу
- •Топпен жұмыс және өзара көмектесу