Туған күн
Мектепалды даярлық тобына арналған сценарий
Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектебі, мектепалды даярлық тобының бірінші санатты тәрбиешісі Муханбетова Раушан Тулепбергеновна.
Тақырыбы
«Қуанышты туған күн кеші»
Мақсаты
- Әр айда бір рет сол айда туған балалардың туған күндерін атап өту.
- Балалардың достарының құттықтауы мен музыкалық сәлемдерін жеткізу.
- Туған күн иелерін көңіл күймен бөлісуге, достық пен бірлікке баулу.
Кеш барысы
Кіріспе
Көңілді әуен ойналады. Балалар қол соғып, залға кіреді.
Жүргізуші:
Ой, балалар, балалар,
Әсем әнге салыңдар.
Туған күн тойын көңілді,
Бәрің де қарсы алыңдар.
Балалар, бүгін біз туған күн кешіне жиналып отырмыз. Ендеше, бәріміз қол соғып, туған күн иелерін ортаға шақырайық. Бүгін орындалатын ән-жырымыз да, биіміз де туған күн иелеріне арналады. Қане, қол соғып, туған күн иелерін төрге шақырайық!
Ән
«Туған күн»
Би
«Ча-ча-ча»
Достардың тілектері
Құрбы-құрдастарың сендерге деген ыстық лебіздерін ала келіпті. Солардың бірін тыңдап көрейік.
Тілек 1
Досың көп пе қасыңда,
Дәулеттісің онда сен.
Достық деген асылға,
Дақ түсіріп алма сен.
Тілек 2
Достық қана бақыт гүлін самсатқан,
Жүректерді арман еткен аңсатқан.
Уа, халайық, нарқы қымбат бұл достық,
Тұрады асқақ байлықтан да, мансаптан.
Ән
«Анашым»
Тілек 3
Нұр ойнаған көзіңнен,
Құшақ толы гүлімен,
Құттықтаймыз сіздерді,
Қуанышты күндермен.
Би
«Гүлдер»
Балалардың құттықтауы
Бір топ бала туған күн иелеріне өз тілектерін жолдағысы келіп тұр. Тыңдап көрейік.
Тілек 4
Құтты болсын туған күнің,
Думан тойың, жан досым!
Қол бұлғайды қырдан бүгін,
Қызықтырған арманың.
Тілек 5
Жүзімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат — күн шуақ,
Бізге қымбат — анамыз.
Тілек 6
Бүгін — туған күніміз,
Қолда шоқ-шоқ гүліміз.
Ойын ойнап, би билеп,
Таусылар емес әніміз.
Ән
«Балалық шақ»
Қонақтардың өнері және ойындар
Бүгінгі туған күн кешіне көршілес топтың балалары да құттықтауға келіпті. Олардың өнерін тамашалайық.
Би
Орыс биі
Сайқымазақ:
Туған күндерің құтты болсын! Меніңмен ойын ойнайсыңдар ма? «Кім шапшаң?» ойынын ойнаймыз.
Сендерге жаз мезгіліне байланысты жұмбақ жасырамын. Шешуін тауып көріңдер!
Ән
«Жаз келді»
Қорытынды
Жүргізуші:
Туған күн иелеріне арнап жақсы тілектер, ән шашулар айтылды. Ендігі кезек туған күн иелеріне: олар өз алғыстарын білдіреді.
Енді, балалар, бәріміз ортаға шығып билейік!
Осымен туған күн кешіміз аяқталды.