Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз — шығыс өркениетіндегі көне мейрам
Әр халықтың өзіне тән жаңа жылы, жыл басы бар. Бұл көбіне халықтың орналасқан аймағына, табиғат ырғағына және күнтізбелік дәстүріне байланысты. Қазақ даласында Наурыз мейрамы ежелден 22 наурыз күні қарсы алынған.
Наурыз — шығыс елдерінің тарихымен сабақтасқан ежелгі мереке. Жаңа жылды қарсы алу күн мен түннің теңелуімен сәйкес келеді. Бұл — табиғаттың түлеп, малдың төлдеп, ақтың молаятын шағы.
Жаңару күні
Қазақ халқы бұл күнді жаңа, таза киім киіп, дәстүр бойынша тазару мен жаңару күні ретінде қарсы алған.
Тәрбиелік мәні
Наурыз — салт-дәстүрді құрметтеуге, ұлттық қасиеттерді бойға сіңіруге, өнер мен өнегеге баулитын мереке.
Әз-Наурыз туралы халық нанымы
Қазақтар бұл мерекені Әз-Наурыз деп те атайды. Ежелгі наным-сенім бойынша, Наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі екен. Оны тек жұмақтан шыққан қой және сол қойды бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді.
Осы күндері бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік пен жан-жануарға ерекше қуат, қасиет дарып, жаңа леп құйылады деген түсінік бар.
Ұлыстың ұлы күні туралы аңыз
Аңыз
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте, жер бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол мезетте жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иесі көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бері бұл күн Ұлыстың ұлы күні деп жарияланған деседі.
Наурызды тойлау тарихынан
Ұлы Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» еңбегінде Наурыз тарихын көшпелі халықтардың көне дәуірімен байланыстырады. Парсының «нау» сөзі түрлі өзгеріске ұшыраса да, көптеген тілде «жаңа» мағынасын сақтап қалғаны айтылады: орысша «нов», немісше «нойе», латынша «нео».
Ән
«Наурыз» — Қуанышева Д., Кушенова А.
Наурыз неге жыл басы?
Жердің Күнді бір айналып шығуы — жыл. Жыл мезгілдері шартты түрде үш айдан бөлінеді: көктем (наурыз, сәуір, мамыр), жаз (маусым, шілде, тамыз), күз (қыркүйек, қазан, қараша), қыс (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
Астрономиялық дәлдік
Көктем 22 наурыздан, жаз 22 маусымнан, күз 23 қыркүйектен, қыс 23 желтоқсаннан басталады. Сондықтан жаңа жылдың 22 наурыздан басталуы табиғат пен астрономия заңдылықтарына сәйкес келеді.
Наурызды халықтар қалай тойлаған?
Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям секілді ұлы ғұламалардың еңбектерінде Шығыс халықтарының Наурызды бірнеше күн тойлағаны туралы деректер кездеседі. Сол күндері әр аймақта мынадай салт-дәстүрлер орындалған:
- Үлкен от жағып, отқа май құю.
- Жаңа өнген жеті дәнге қарап, болашақты болжау.
- Жеті ақ кесемен дәстүрлі көже — саумалық (сумалық) ұсыну.
- Ескі киімді тастап, ескірген ыдысты жаңарту (кейде шыны аяқты сындыру).
- Бір-біріне гүл сыйлау, үй қабырғасына күн символын бейнелейтін дөңгелек ою салу.
- Үйдегі тіреу ағашқа гүл ілу.
- Жамбы ату секілді жарыстар мен түрлі ойындар өткізу.
- Кәрі-жас қуанып, бір-біріне ақ тілектер айтып, араздаспау.
Би
«Қара жорға»
Наурыз атаулары және Наурыз көже
Наурыз мейрамына қатысты халқымызда көптеген атау қалыптасқан. Олар мерекенің салттық, поэзиялық және тұрмыстық қырларын айқындайды:
Ұлттық ойындар
Наурыз күндері ұлттық ойындар ойналып, елдің рухы көтерілген. Бұл — қуаныш пен бірліктің көрінісі.
Ұлыстың ұлы күніндегі тілектер
Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне ақжарма тілек айтып, жақсы сөзбен көңіл көтерген. Төмендегі тілектер — сол дәстүрдің өрнегі:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңынан, жұлдызың тусын соңынан!
Бақ берсін, Қыдыр дарысын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!