Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау

Сценарий құрылымы

Бұл мазмұн 10 «В» сынып ұжымының ұйымдастыруымен өтетін «Жыл басы — Наурыз» мерекелік кешінің бағдарламасын ұсынады. Төменде қабылдау сәтінен бастап өнер көрсетулер, салт-дәстүр көріністері және ұлттық ойындарға дейінгі негізгі бөлімдер рет-ретімен берілді.

I. Қонақтарды қабылдау

Қонақтарды қарсы алу, ортаға шақыру, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

II. Шақыру сөзі

Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.

III. «Жыл басы — Наурыз» мерекесінің бағдарламасы

  1. 1

    Қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары туралы түсінік беру.

  2. 2

    Халық әндері мен билерін тамашалау.

  3. 3

    Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.

  4. 4

    Ұлттық ойындардан көрініс:

    • қазақша күрес
    • кір тас көтеру
    • аударыспақ
    • Наурыз көже ішуден сайыс
  5. 5

    «Достығымыз жарасқан» ұлттық билер сайысы (әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді).

«Шашу» биі

Нұрқалиева Камшат, 10 «В» сынып

Жүргізушілер

Нұрбек Бекбауов (сынып жетекші), Айнұр Өтегенова (оқушы)

Жүргізушілер сөзі: Наурыздың мәні

1-жүргізуші: Нұрбек Бекбауов

Қадірлі жиналған қауым, ата-бабадан жеткен тамаша жоралғылар мен дәстүрлерге құлақ асып, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ — қандай ғанибет!

Наурыз — күн мен түн теңеліп, жерге көк бітіп, жан-жануар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер-Ананың бусанып, қыстан аман шыққан елдің еңсесі көтерілетін ерекше күн деп саналған.

2-жүргізуші: Айнұр Өтегенова

Халық 22 наурызды Жаңа жыл, «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлағаттаған. Бұл күн әрқашан қасиетті, киелі саналған.

Осы күнгі әрбір өзгеріске ерекше мән берген: қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды» деп жақсылыққа жорыған. Мал төлдесе, «бір тал көк шөп артық шығады» деп ырымдаған. Нәресте дүниеге келсе, есімін де ерекше қойып, қуанышын көппен бөліскен.

Табиғат пен тағылым үндестігі

Ұлыстың ұлы күні қырда саршұнақ інінен қылт етіп көрініп, жер беті әбден жылынғанда қайта шығатыны айтылады. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін, терең мәнді үйлесім жатыр.

Наурызға қатысты сөз оралымдары:

  • Жер бетіне жақсылық ұялаған күн
  • Ұлыстың ұлы күні
  • Ұзақ ұшып келген күн
  • Жыл басы — науірзек келген күн
  • Көк құт көзін ашқан күн
  • Көк тас еріген күн

Наурыз — көне дәстүрдің жалғасы

Айнұр: «Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері болған деседі».

Нұрбек: «Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киім киіп, шашын алдырып, сақал-мұртын түзеген. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Кім бірінші атып түсірсе, сол күні елге бір күн “патша” болуға ерік берілген дейді».

Қазақ даласында Ұлыстың ұлы күні бүкіл адам тең саналған: құл мен күң де шаруадан босап, еркін тыныстауға мүмкіндік алған. Дастарханның дәмі де, айтылар әңгіме де көпке ортақ болған.

Қызыр ата және береке ұғымы

Халық «Береке басынан басталады» деп, жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады деген қағиданы берік ұстанған. 21 наурызға қараған түні ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Мұның мәні: дала аралаған Қызыр ата келіп, қыдыр-құт дарытады деген сенім.

Қызыр ата рөлі

Бекзат Аралбаев, 10 «В» сынып

Бата беру

Қызыр ата келеді, бата береді

Өнер мен дәстүр көріністері

Өлең және ән

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз — жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспанын бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз — жыл басы!

Жүргізуші сөзі

Ән

«Наурыз — думан», орындаушы: Назым Қуанышева (10 «В»)

Ән

«Қош келдің — Наурыз», орындаушы: Әйгерім Кеңесова

Көрісу және Наурыз көже

«Ұлыс оң болсын!» деген тілекпен жұрт көтеріңкі көңіл күйде көріседі. Келін иіліп сәлем салады, бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады. Дастарханнан Наурыз көже ұсынылады.

Ашық болсын қас-қабақ,

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та,

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар,

Ішілетін жетімнің,

Бұл көжеде бәрі бар.

Ошақта көп шоқ әлі,

Астың ауыр обалы.

Астан үлкен ешкім жоқ,

Қазан аузы жоғары.

Өлеңді оқитын: Берік Исаұлы (ауылдың бозбаласы)

Ақсақал батасы

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барсаң — жол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Пәле-жала жерге енсін!

Қазақ даласында Наурызда ауыл аралап көрісу үш күнге созылған (22–24 наурыз). Әр үйдің есігі ашық, қабағы жайдарлы болып, дастарханнан дәм үзілмеген. 22 наурыз күні үлкендердің батасын алу — парыз саналған.

Өлең және би

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

Аталар бата беріскен,

Сақтай гөр деп терістен.

Кел, таза бақ, кел десіп,

Кел, тілек бер десіп...

Мерекелік өлең үзіндісі

Би

«Будашкин», орындаушы: Қаламқас Ойлыбаева (10 «В»)

Ұлттық ойындар мен сайыстар

Қазақша күрес

Қазақтың спорттық ойын түрі — қазақша күрестен көріністік сайысты тамашалауға шақырамыз.

Наурыз көже ішуден сайыс

Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден сайыс басталады. Ортаға 4 оқушы шақырылады.

Сән үлгісі және қолөнер

Кезекті әнге берейік: «Сәукелелі ару қыз», орындаушы: Алдаберген Базарбаев (10 «В»). Осы сәтте қазақы киім киген қыздар сән үлгісін көрсетіп, ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырады.

Салт-дәстүр көріністері

  • Тұсаукесер

    Рәсім барысында «Шілдехана» әні орындалады. Тұсау кесілгеннен кейін әжелер «Тәй-тәй» әнін орындайды.

  • «Санамақ» ойыны

    Бойжеткендерге арналған ойын бөлімі.

  • Күш сынасу

    Ер жігіттерге арналған күш сынасу сайысы.

Қорытынды би

Би

«Адай», орындаушы: Жазира Сатанова (10 «В»)

Осымен 10 «В» сынып ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Жыл басы — Наурыз» мерекелік кеші аяқталды.