Жазық далалары

Мен елімді сүйемін

Менің Отаным — Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жер аумағы 2 724,9 мың км², халық саны шамамен 16 миллион. Елімізде 14 облыс бар. Қазақстан солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен, оңтүстік-шығысында Қытай және Қырғызстанмен шектеседі.

Жер аумағы
2 724,9 мың км²
Халық саны
16 млн
Облыс саны
14
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан 1991

Тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер

Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін алды. Тұңғыш Президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге енгізілді. 1998 жылы 6 шілдеде ел астанасы Астана қаласына көшірілді.

Тәуелсіздік

1991 жылғы 16 желтоқсан — ел тарихындағы ең маңызды күндердің бірі.

Теңге

1993 жылғы 15 қараша — ұлттық валютаның айналымға енген күні.

Астана

1998 жылғы 6 шілде — астананың Астанаға көшкен кезеңі.

Табиғаты бай өлке

Қазақстан жері таулы қыратты, кең жазықты, шөлейтті аймақтарымен ерекшеленеді. Еліміз өзен-көлдерімен, қорықтарымен, алуан түрлі табиғи аймақтарымен бай.

Өзендер мен көлдер

Өзендер

  • Сырдария
  • Тобыл
  • Ертіс

Көлдер

  • Зайсан
  • Балқаш
  • Алакөл

Таулар, қорықтар, далалар

Таулар

  • Іле Алатауы
  • Қаратау
  • Қазығұрт

Қорықтар

  • Ақсу-Жабағылы
  • Үстірт
  • Алматы

Жазық дала

  • Сарыарқа

Экономикасы және шаруашылығы

Қазақстанда көптеген қазба байлықтар өндіріледі: мұнай, табиғи газ, алюминий, темір өнімдері, алтын, мыс, никель, марганец. Елімізде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамыған.

Қазба байлықтар

  • Мұнай
  • Табиғи газ
  • Алюминий
  • Темір
  • Алтын
  • Мыс
  • Никель
  • Марганец

Егін шаруашылығы

Солтүстік аймақтарда бидай мен жүгері өсіріледі. Оңтүстікте мақта шаруашылығы дамыған, бау-бақша өнімдері, тары мен күнбағыс өндіріледі.

Мал шаруашылығы

Төрт түлік түгел өсіріледі: түйе, жылқы, сиыр, қой.

Сүт өнімдері

  • Сүт
  • Айран
  • Қымыз
  • Шұбат
  • Құрт
  • Сүзбе

Өнеркәсіп

Елімізде мата, жүн және тері өнімдерін шығаратын зауыттар бар. Бұл өндірістер халық тұрмысын жақсартып, экономиканың дамуына үлес қосады.

Киелі орындар және рухани мұра

Қазақстанда киелі орындар көп. Олар халықтың тарихын, дәстүрін және рухани құндылықтарын танытады.

Киелі мекендер

  • Атырау: Бекет ата
  • Түркістан: Қожа Ахмет Ясауи
  • Отырар: Арыстан баб
  • Жамбыл: Айша бибі
  • Алматы: Райымбек баба

Мәдениет қайраткерлері

Ақындар

Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Шаханов

Жазушылар

Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов

Әнші-композиторлар

Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев, Роза Бағланова, Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова

Қазақстан — табиғаты көркем, қазынасы мол, рухани мұрасы бай ел. Мен өз елімді сүйемін!

Автор туралы мәлімет: Болатұлы Заңғар, 7-сынып, №13 орта мектеп.