Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау



 Мазмұны
Кіріспе
I-ТАРАУ. Несие мәні және қажеттілігі
1.1 Несиелеуді және несиелік жүйені ұйымдастыру принциптері
1.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс
II-ТАРАУ. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
2.1 Несиелеу объектілері және субъектілері
2.2 Қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау
2.3 Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Несие-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен
қатар мемлекет те, үкімет те, сондай ақ жеке
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау-бұл тауардың бір
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы-бұл несиенің қозғалысының түбін сипаттайды. Несиелік
қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын
жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Қазіргі кезде шаруашылықта
ақша түрінде берілуде. Несие-ақшалай қаражаттың екі жақты қозалысын,
яғни қаражаттың уақытша және уақыт өткен соң қайтарылуын
қаржы сол қаражаттың бір жақты қозғалысын білдіреді.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие-бұл
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әртүрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда-
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие-кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша
қатынастарының, құнның таурлық және ақшалай формалаының бар
болуымен қамтамасыз етіледі.
Несие-құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын
қатынастарды білдіреді.
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін
және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз
несиені экономикалық категория ретінде бөлмейді. Қарыз мәмілесі тауар
шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән.
Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасайды және өз
мазмұнын өзгертеді.
I-ТАРАУ. Несие мәні және қажеттілігі
1.1 Несиелеуді және несиелік жүйені ұйымдастыру принциптері
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі
принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық
қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырамдауға болады: елдегі
банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес
институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру,
неесие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту,
оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық
монополия, Орталық банктің автономиясы.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі-несиелік мекемелер торабының
барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы.
Соңғы кезде шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының
банктерде сақталуы, есеп айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп
түсінуге болады.
Несие- бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік
қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін
ссудалық капиталға айналады.
Несиелеу принциптері, несиелеу мәні және қызметтері, сондай-ақ несиелеу
қатынастарын ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын белгілейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік
процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы
жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиенің
басты шарттары: несиелеу мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар
айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және тағы да
анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі
топқа бөлінеді:
Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
-несиені мақсаттылығы;
-несиенің дифференциалдығы
2) Несиенің мәнін белгілейтін принциптер:
-несиенің мерзімділігі;
-несиенің қайтарымдылығы;
-несиенің төлемділігі;
-несиенің қамтамасыз етілуі.
Мерзімдік- белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген
несиенің ерекше белгісі. Ол несие берушінің қарыз алушыға
қаражаты белгілі бір уаыт ішінде келісілген тәртіпке сай
тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық
принципі туындайды. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің төлемділігі-бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты
қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатынын білдіреді.
Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп
атайды.
Несиелеудің келесі принципі- берілетін несиенің материалдық жағынан
ұамтамасыз етілуі. Несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат,
кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылады:
-Кепілге берілетін несие-бұл қарыз алушылардың активтерімен қамтамасыз
етілетін несие. Кепілге берілген активтер қарыз алушылардың иелігінде
қалып, оның пайдалануында болады;
-Кепілхат-қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда үшінші жақтың
қарызды өтейтіндігі туралы жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда
кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді
кепілдеуге кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтардың маңыздылығын
ескеру керек.
Несиені сақтандыру-сақтандыру компаниясына сақтандыру ретінде белгілі
пайыздық сома төлеу арқылы несиені сақтандыру.
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай
қызметтерді атқарады:
-қайта бөлу;
-айналыс шығындарын үнемдеу;
-айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
-капиталдың шоғырлануын жеделдету;
-ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез-келген елдің ұлттық экономикасының
толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің
көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржыны қайта бөлу
айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар
мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни
механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы
экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық
кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.
Қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа
деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл
дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс
шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Келесі қызметі-несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша
алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде
айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра
отырып ақша айнаысын да жылдамдатады.Несиенің бұл қызметі несиелік
ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге
асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының
жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем
айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақы дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді
несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып пайда
мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-
техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан да несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының
жұмыс жасауы қиынға түседі.
Несиелеу механизмі және несиелік процесс
Несиелеу механизмі-несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және
несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Несиелеу механизмі өз мәні
несиелік процесс технологиясын бейнелейді. Несиелеу процесі мына
кезеңдерді қамтиды:
-несиеге деген өтінішті қарау;
-несиелік қабілетін талдау;
-несиелік келісім-шарт жасасу;
-несие беру;
-несиелік мәміленің орындауына бақылау жасау.
I кезең Банкке түскен өтінішті қарау.
Кез-келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарды
қарыз алушы мен сұалатын несие туралы негізгі мәліметтер:
мөлшері,түрі, мерзімі және мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкін
Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік
операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әртүрлі
топтары үшін әртүрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.
II кезең Қарыз алушылардың несиелік қабілетін талдау кезеңі
Қарыз алушылардың несиелік қабілеті- қарыз алушылардың алған несиесі
бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін
бағалаумен сипаттайды. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген
факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Сондықтан, банк клиентке несие
беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды.
алушылардың несиелік қабілетіне талдау жасау кезінде мынадай факторлар
есепке алынады:
- несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыларға несие бере
олардың атынан шығатын тұлғалардың құқұқтық қуатын анықтайтын
Жарғысы және нұсқаумен танысуы тиіс;
- қарыз алушылардың іскерлік беделі. Несиеге тиісті беделі
алушылардың қарызды қайтаруға дайындығын ғана түснбейді, сондай-ақ
келісім шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
- табыс алу қабілеті-банк қарыз алушылардың несиені қайтаруға
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
III кезең Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасасу
Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының
несиелік қабілетін көрсетіп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу
несиелеу субъектілерімен қатынасқа түседі. Несиелік келісім-шарт екі
жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершілігін анықтайды. Онда
мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
-несие мөлшері;
-несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
-несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
-несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін
қарыз алушылардың беретін құжаттарының тізімі;
-несиелеу процесіндегі банктердің бақылау қызметі.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-
шарттың орны ерекше. Кепіл затына: бағалы қағаздар, мүлік,
және басқалары жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктік кепілі
-тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а)шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә)тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б)валюталық бағалылар, алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в)басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
-бағалы қағаздар кепілі;
-сол банктегі депозиттер;
-жылжымайтын мүлік кепілі.
2.Мүліктік құқұқтар кепілі:
-жалгерлік құқұқ кепілі;
-авторлық құқұқ кепілі;
-жерге құқұқ кепілі.
IV кезең Несие беру кезеңі
Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиелік құжатты беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық кезеңді
қамтиды.
V кезең Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуге
Несиелік операциялардың маңызды кезеңі:
Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі;
Банк қаражаттарын пайдалану ұзақтығына және олардың төлем
айналымын құрау роліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі
Іс жүзінде несиені қайтару түбіндегі көп варианттар болады:
Мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
Меншікті қаражаттың жинақталуының және несиеге деген есеп
айырысу шотына қажеттіліктердің азаю шамасына қарай;
Алдын-ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
Түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеледі;
Несиенің қайтару мерзімін созу;
Мерзімі өткен қарыздар мерзімі өткен несиелер шотына аударылады;
Банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
II-ТАРАУ. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері
2.1 Несиелеу объектілері және субъектілері
Несиенің құрылымы несие беруші мен несие алушыдан, сондай
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды
несиелік мәмілесе (келісім) қатысушы тараптар немесе оларды несиелік
қатынас субъекті деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі
жасалмайды. Несие берушілерге: мемлекет, банкілер (Орталық және
коммерциалық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай
халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайда несиенің
кммерциалық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші
кәсіпорындар да жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыға қаражатқа
қажеттілігі бар кез-келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі- бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің
асырылу аясы деп түсіндіруге болады. Несиелеу объектсіне экспортты
импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке
байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және
жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары
және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар шаруашылық
субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтары жатады.
Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектсіне қарыз беруші
және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші-қарызды беретін несиелік қатынамтың бір жағы. Қарыз
беруші-бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектлер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет,
шаруашылық субъектлері жіне халық жатады.
Қарыз алушы-бұл несиені алушы және қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастардың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен
жақын сөздер болғанымен де олардың түсініктері әр түрлі.
кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға
және басқаларына байланысы төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл
ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш-бұл тек қана
экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын
сипаттайды. Борыш-өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы-бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар адам.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымымен
элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектсі-бұл құнның
бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
2.2 Қарыз алушылардың несиелік қабілетін бағалау
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Қарыз алушылардың несиелік қабілеті-бұл
коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуына
себеп болатын көптеген тәуекел факторлардың әс-әрекетіне тәуелді болып
келеді.Сондықтан банк несиенің берілуі алдын-ала ықпал ететін
Факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті анықтауға жағдай
жасайды.
Қапыз алушылардың несиелік қабілеті-қарыз алушылардың өзінің қарыздық
міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушылардың несиелік қабілеті оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы, онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір
үнемсіздікті есепке алмайды. Ол жақын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды.
Өткен уақыттағы қарыз алушылардың төлем қабілетсіздігінің дәрежесі
клиенттің несиелік қабілетін бағалау кезінде сүйенетін ең формальді
көрсеткіш болып табылады. Егер қарыз алушылардың мерзімі
болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері
болса, онда банкке өткен уақыттың төлемдерінің бір рет
клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып
табылмайды.
Әлемдік және Отандық тәжірибе қарыз алушылардың несиелік қабілетінің
мынадай критерийлерін бөліп қарайды:
1.Қарыз алушылардың мінездемесі
-қаражатты қарызға алу қабілеті
2. Ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті
қабілеті,капиталы,несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасайтын
жағдай, бақылау.
Қарыз алушылардың мінездемесі деп-оның заңды тұлға ретінднгі беделі
және менеджерлердің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және
несие мақсаты банктің несиелік саясатына сай түсіндіріледі.
Қаражатты қарызға алу қабілеті-қарыз алушылардың несиеге өтініш беруі
несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөз жүргізуге құқұғының
болуы, яғни кәсіпорындардың немесе фирмалардың өкілдігінде белгілі бір
өкілеттіктің болуын білдіреді.
Қарыз алушылардың несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі-
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында
табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушылардың капиталы оның қарыз алу қабілетінің біршама
маңызды критерийі болып табылады. Оны бағалауда мынадай екі
маңызы зор:
1.Оның жеткіліктігі, яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың
төменгі мөлшеріне қойылатын талабы бар.
2. Несиелетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни
банк пен қарыз алушылардың арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалуы көп болса, соғұрлым қарыз
алушылардың қарыз тәуекеліне ықпал ету факторларын қадағалап
мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі-қарыз алушылардың активтерінің құны және
несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екі қосымша көздің
болуы. Бұндағы қосымша көздер қарыз алушылардың басына қаржылық
қиындықтар тууы барысында олардың банк алдындағы міндеттемелерінің
уақытылы орындалуына кепілдік береді.
3.Бақылау. Бұл мынадай сұрақтарды ескереді:
Қарыз алушылардың қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге
асырылуы үшін заңды жіне нармативтік пе? Заңдағы күтілетін
қарыз алушылардың қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілетін қарыз алушы және несие туралы мәліметтер,
несиелік саясаты туралы құжаттар белгіленген банк нысандарына, сол
сияқты несиенің сапалылығын бақылап отырып, банктің қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді.
Аталып өткен банк клиенттерінің несие қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер:
-іскерлік тәуекелді бағалау;
-менеджментті бағалау;
-қарыз алушылардың қаржылық тұрақтылығын бағалау;
-қаржылық коэфициенттерді бағалау;
-ақша тасқынын талдау;
-қарыз алушы туралы мәлімет жинақтау;
- орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушылардың несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторлар-оның қаржылық жағдайы. Ол қарыз
алушылардың қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып,
меншікті және займдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану.
2.3 Әлемдегі несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциясы
Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске
Банк жүйесінің барлық компонеттері жалпы әлемдік экономикадағы
құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты
жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған
өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануы капиталдың
шоғырлануымен орталықтандыруын талап етті, соған сәйкес банктер өз
операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре
бастады, яғни қазіргі несие жүйесінің экономика дамуының өзгермелі
жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйнсінің құрылымдық қайта
құрылуы көз алдымызда; белгілі бір маманданудың сақталуымен қатар,
қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес
несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің
арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің
немесе бөгеулердің жедел жойылуы-соңғы жылдары несие жүйесінің
құрылымдық қайта құрылу тенденциясының маңыздысының бірі.
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды
қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлә несиелер
қағаздар сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және
көптеген банк және банк төңірегінде қызметтер көрсету бойынша
операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.Несиелік мекемелер
қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылық капитал
талаптарында мейлінше толық сай келеді.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі-
дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық
банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпаратты кеңес беру бизнеске
және басқаларға кірісуге тырысады.Олар қаржылық қызмет көрсетудің
бұрын тіпті қатыспаған және өте сирек қатысқан сферасында-қозғалмайтын
мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсетуге,
лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да
тікелей конфронтацияға баруда.
Екіншісі-банктік нарықтарда банктік емес мекемелердің енуі арқылы.
Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, ақпараттық-
кеңестік қызмет көрсетуде, сонымен қатар,таза банктік сфера-депозиттік
қарыз операцияларымен барынша бәсекеге түсуде.
Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер
бойынша мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана
алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге
етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал
басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине,
соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір банктер
пайызды коньюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының
сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді.
Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың
мамандануын сақтап қалуымен үйлесім жасайды. Әмбебаптанудың өзі
мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен
біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының
жойылуы туралы сөз қозғалып отыр.Сонымен бірге бұл тенденция
көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық
аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған
түрлерін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер
Маманданудың жайылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестіктің
күшеюі қолдап отыр.
Банктік қызметті бейреттеу активтік те, пассивтік те операцияларға
тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама өзгеріске
ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден фирмалар мен
кәсіпорындарды тікелей несиелеуге көшті. Мұнда бағалы қағаздарды
пайдалану арқылы рәсімделенетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының
арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік
мекемелер тәуекелдерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл
тенденция банктердің өз несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға
конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда.
Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз
активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын
және уақытылы бағалау-банктер сенімділігініқ кепілі.
Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге,
несиелеу технологиясына, заем алушының несие шарттарын сақтауына және
басқаларды бақылау жасап отырады.
Ұзақ мерзімді несиелеу даму үстінде. Коммерциялық банктердің
қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске
ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1933 жылы
салымдардың әр түрлері бойынша банктік пайыз үшін максималды
алып тастау бойынша 80- жылдары АҚШ-ғы бейреттеу процесінен
болады. Бұл банктердің депозиттік базасының нығайтылуына мүмкіндік
берді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша
белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға
Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950жылы
АҚШ коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік
шоттардағы қалдықтар 70% артық болып, мерзімді және жинақ
тек 24-26% құраса,80 жылдары соңғылары 60% артық үлесін
Банктердің пассивтік операцияларының инновациясы сонымен бірге
қосымша ақша қаражаттарын тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс
тапты. Пайызы бойынша нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа
типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары
жатады. Көптеген коммерциалық банктер ақша нарығында еркін айналыста
болатын депозиттік сертификаттар шығара бастады.
Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпаратпен
коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Қаржылық-
нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп
етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы
жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі
тиісінше модернизациялау мүмкін емес.
Банк жүйесі дамуындағы маңызды құбылыс ретінде несиелік мекемелердің
көтерме операциялардан бөлшек операцияларға өтуін атап көрсетуге болады,
бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңеюіне алып келеді. Екінші
дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы,
сенімді» клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі
стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсенді түрде
араласуымен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай
соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда.
қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.
Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастары дамыған елдер
экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен
сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануы мен
орталықтануына, аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел
ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға
алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеліп соқтырады. Мұндай банк-
алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ пен
пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд АҚШ
соманы құрайды.
Өз экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін
банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық
тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие
Қорытынды
Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзмдік және төлемдік
шарттарымен уақытша бос капиталды жинақтау мен қайта бөлу
несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектлер арасындағы экономикалық
байланыстарды білдіреді.
Несие жүйесі кең мағынада-бұл несиелік қатынастар, несие формалары
несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада-елдегі несиелік есеп
айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және
басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.
Несиелік жүйенің маңызды элементтері-Орталық банк, коммерциялық
банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.
Банктік қызмет-бұл Қазақстан Респуликасы Ұлттық банктің лицензиясы
бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру.
Банк-Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша
банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын
заңды тұлға. Функционалды жағынан маманданған банктерге:
инвестициялық, ипотекалық, жинақ және басқалары жатады.
Несие жүйесін құрудың негізгі принциптері: елдегі банк ісін
мемлекеттік монополия, елдегі ақша-несие саясатының бірлігі, несиелік
мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына
жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.
Қазіргі әлемдік несие жүйесі біршама өзгерістерге ұшырады, олар
банктер арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы
өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік
қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы енгізу,
банктердің тез өсуі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ақша, несие, банктер. Ғ. С. Сейтқасымов, Алматы,2001.
2.Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б., Алматы,2004.
3.Коммерциялық банктердің операциялары. Мақыш С.Б., Алматы, 2002.
4.Қаржы. Ілиясов Қ.Қ., ҚұлпыбаевС. Алматы, 2005.
5.Жалпы экономикалық теория. Шеденов Ө.Қ., Ақтөбе, 2004.
6.Ақша, несие, банктер. Көшенова Б., Алматы, 2000.
7.Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қатынас.
Мадиярова Д.М.
8. Ақша, несие, банктер.Саниев М.С., Алматы, 2001.
9.Халықаралық экономикалық қатынастар. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М.
Алматы, 1998.
10.Халықаралық экономикалық қатынастар. Елемесов М.Д. Алматы, 2002.
11.Деньги, Кредит, Банки. Жуков Е.Ф. Москва, 2003.
12.Международные валютно-кредитные и финансовые отношения.
Лаврушина О.И., Москва, 1999.
13. Финансы. Мельников В.Д., Ілиясов К.К. Алматы, 1997.
27



Ұқсас жұмыстар

Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Несие мәні және қажеттілігі
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Несиелік саясат және несиелік механизм зерттеу
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. Қарыз үшін пайыздың экономикалық мәні
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері