Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және
саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан
беделді орын алу» ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол
сияқты коммерциялық банктерді басқару алады.
Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар
(кәсіпорындар) шығады. Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар, жеткізушілер, сатып алушылар
жатады. Коммерциялық банк – бұл өз клиенттеріне қарыз беретін, тұрғындардың ақша құралдарын бөлу сияқты қаржылық
қызмет көрсетулер мен айналысатын кәсіпорын. Қаржылық қызмет көрсетулерді (ақша құрамдары) тауар ретінде көруге
болады. Банкке ақша салатын клиенттерді сатып алушылар ретінде, банк қызметін өндірістік процесс ретінде. Банк қызметін
ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, қажет. Үнемі
өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне
жататын элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.
Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні
туралы ғылыми түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк
қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты
тенденция.
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы
деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспалау мен
бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр
кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру,
әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы
қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес.
Елдей экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын
басқарудың ғылымдылығына деген талаптарды күшейтеді. Барлық экономикалық агенттер үшін нарық заңдарын қолданудың
әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен
артықшылықтарын жүзеге асыру, осыған байланысты болады. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару – бұл
экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты
тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк
қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес.
Осымен байланысты, экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірумен байланысты
ұсыныстарды өңдеу, мәселелерді ғылыми дәлелдеуге ие болды. Бірақ, Қазақстанның қаржылық нарығы тұрақтанбайынша,
банктер үшін әлі де болса күтпеген және жиі болатын өзгерістер тән болады.
Табыстылық аспектілерін толық есепке алатын. Ресурстарды басқару әдістерін өңдеу, банктің сенімді және сапалы жұмысында
басты орынды болып қала береді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің
ресурстарын басқаруды жетілдірудің жолдарын анықтау. Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін
талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы сұрақтарға қарастыру;
қазақстан Республикасының макроэкономикалық процестерінің комерциялық банктер ресурстарының қалыптасуына әсер етуін
зерттеу
қазақстан коммерциялық банктерін ресурстармен қамтамасыз ету үшін сыртқы ортаның ерекшеліктерін талдау, олардың
қызметінің тиімділігін жоғарылататын резервтерді айқындау;
коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістерін сипаттау, қазақстандық банктерде әдістерді қолдану ерекшеліктерін
қарастыру;
коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарының қалыптасуын жан-жақты зерттеу және талдау;
ресурстарды басқару тиімділігін жақсарту бойынша экономикалық талдау негізінде ұсыныстарды дайындау;
адам ресурстарының қалыптасуына, коммерциялық банктердің кадрлар саясатының әсер етуін сипаттау;
коммерциялық банктерде адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігін талдау;
қазақстан коммерциялық банктерінің ресурстарды басқару стратегияларының негізгі бағыттарын өңдеу;
қаржылық ресурстардың қалыптасуының көзі ретінде коммерциялық банктердің табыстылығын жоғарылату бойынша
ұсыныстарды енгізу;
коммерциялық банктерде инновациялық процестердің тенденцияларын анықтау.
Бұл дипломдық жұмыста банктік қызметті басқару аясында отандық және шетелдік ғалымдардың концепциялары мен теориялары
қолданылды. Сонымен қатар, Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің заңды және нормативті-құқықтық актілері,
статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасының ЕДБ-ң мәжілістері пайдаланылды.
Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың теориялық негіздері, олардың даму ерекшеліктері
анықталады. Ал екінші бөлімінде Қазақстанның коммерциялық банктерінің ресурстарын басқару әдістерінің қазіргі уақыттағы
жағдайына талдау жүргізіледі. Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары өңделіп, қарастырылады
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында инновациялық стратегия
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Кәсіпкерлік қызмет өндіріс факторы ретінде
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметіне қарыз қаражатын тарту
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Бәсеке