Жер шары — Күн жүйесі
ЖЕР, Жер шары — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы үшінші планетасы; адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Ж. эллипстік
(дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі
ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі — Ай. Ай Ж-ді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Ж. осінің
эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66Ә33?22Қ, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Ж-дің өз осінен айналуы
себебінен Ж-де күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Ж-де жыл
мезгілдері өзгеріп отырады. Ж-дің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Ж. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде
мөлшері мен массасы бойынша 5-ші орында. Ж-дің массасы 5,975Ч1021 т, орташа тығызд. 5,517 г/см3, көл. 1,083 млрд. км3,
ауд. 510,2 млн. км2, сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша, Ж.
осыдан ~4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің
әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат
іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан.
Ж. құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық хим. элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось
бойымен айналуы салдарынан Ж. эллипсоидтық пішінге келген. Ж-дің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер Ж.
қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмик. әдістер
арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Ж. негізгі үш геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия
және ядро. Бұл геосфералар сейсмик. толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты
сегіз сейсмик. қабатқа бөлінеді: А, В, С, D?, DҚ, Е, Ғ, G. Сонымен қатар Ж-де жоғ. қатты қабат литосфера мен төм. жұмсақ
қабат астеносфера бөлінеді. А — Жер қыртысы. В, С, D? жән
Жердің магнит өрісін зерттеу
Әлеуметтік экологиялық мәселелер: халық санының өсуі,ресурстық дағдарыс, генофондтың өзгеруі, ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, әсер етудің жаңа түрлері
Күн энергиясынын турленуі
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Инженерлі – геодезияллық жұмыстарда беттік қатынасы мен координат жүйелерін таңдау
Ландшафттану курсы туралы
Жалпы жер тану пәні бойынша зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау
Жұлдыздар туралы жалпы мәлімет
Антропогендік ландшафт
Ландшафтының дамуы туралы