Еліктеулікті үлгілеу
Кіріспе
Еліктеулікті үлгілеудің мақсаты зерттелетін жүйе элементтері арасындағы ең әсерлі қарым-қатынасының анализ нәтижелеріне
негізделген сол жүйе іс-әрекетін көрсету болып табылады. Еліктеулікті үлгілеуді зерттеу нәтижелері негізінен үлгіленетін
жүйенің функционалдық характеристикаларын бағалануынан тұрады. Мысалға кез-келген көпке қызмет көрсету жүйесін
еліктеуліктігін үлгілегенде бізге орташа қызмет көрсету ұзақтығы, қызмет көрсету жүйесі істемейтін уақыт сияқты
көрсеткіштер қажет.
Еліктеулікті үлгілеуді қолданудың көп жағдайлары кездейсоқ оқиғаларды есептеумен байланысты. Мысалы еліктеулікті
үлгілеуде бұған қызмет етуге тапсырыс түсу уақыты мен қызмет көрсету уақыты жатады. Ал, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын үлгілеуде жаңа өнім ашылуы кездейсоқтыққа жатады. Осындай процесстерді үлгілегенде сәйкес ықтималды
реттеуді дұрыс көрсету үшін үлгіні процессте мыңдаған, он мыңдаған рет өткізуге тура келеді.
Еліктеулікті үлгілеу күрделі жүйелердің өзін-өзі ұстауының бөлек қарастыруы жағынан, ыңғайлырақ екенін айта кету
қажет(классикалық математикалық үлгілеумен салыстарғанда). Бірақ еліктеулікті үлгілеулер ыңғайлы (тиімді) инструмент
болғанымен, мұндай үлгілерді құру көп уақытты алып, шығынға ұшыратады