Жергілікті есептеу торабын жобалау
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Торап үлгілері 7
1.1 Ашық жүйелер әрекеттестігінің (АЖӘ) үлгісі 8
2 Деректер тасымалдау ортасына қатынас құру әдісі 13
3 Деректер ортасына қатынас құру әдістері 14
3.1 СSMA – қатынас құру әдісі. 14
4 Тораптық сызба-құрылым 14
4.1 Құрсымдық сызба-құрылым 15
4.2 “Сақина” сызба-құрылымы 16
4.3 “Жұлдыз” сызба-құрылымы 16
4.4 “Тор” сызба-құрылымы 17
4.5 “Бұтақ” сызба-құрылымы 17
5 Тарамдық бейімдеуіштің функциональды сұлбасының сипаттамасы 17
6 Физикалық деңгейде сигналдарды кодалау 26
7 Жергілікті есептеу тарамы (ЖЕТ) құрылысы синтездеу есептерінің математикалық үлгісі 31
8 Тораптық шабуыл және одан қорғану шаралары 34
8.1 Деректерді жедел тасымалдауға мәжбүрлеу 34
Қорытынды 37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Кіріспе
70-ші жылдардың басында компьютердің бөліктерін жасау аймағында технологиялық алға жылжыту болды. Үлкен интегралды
сұлбалар пайда болды. Олардың айтарлықтай аса қымбат емес бағасы және жоғары функционалды мүмкіншіліктері шағын
компьютерлердің құрылуы өнеркәсіптің кішігірім бөлімдерінің өзіне компьютер сатып алуға мүмкіндік берді. Шағын
компьютерлер технологиялық құрылғыларды басқару есептерін орындады. Сөйтіп компьютер қорларын өнеркәсіптің барлық
жеріне тарата бастады. Бірақта бір ұйымның барлық компьютерлері жеке-жеке жұмыс жасады. Уақыт өткен сайын
пайдаланушылар қажеттілігі есептеу техника жағынан өсе бастады. Оларға өздерінің компьютерлері жеткіліксіз болып қалды.
Жақын орналасқан компьютерлермен деректер алмасу мүмкіншілігін көздей бастады. Сөйтіп өнеркәсіптің және ұйымның
қажеттіліктері өздерінің шағын компьютерлерін біріктіріп олардың қарым-қатынасы үшін программалық қамтамаларды өңдей
бастады. Нәтижесінде бірінші жергілікті есептеу тараптары пайда болды