MІCROSOFT EXCEL
Кіріспе
MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның
көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар мәліметтерді пайдаланып, түрлі
джиаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.с.с.
болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.
Кестелік процессордың атқаратын қызметі сан алуан:
Электронды кестелерді құру мен редакциялау;
элетронды кестені безендіру және басу;
формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру;
диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу;
электронды кестені дерекхана ретінде пайдалану; кестені сұрыптау, сұраным бойынша деректерді таңдау;
нәтижелік және салыстырмалы кестені құру;
кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;
оптималды есептерді шешу;
деректерді өңдеу статистикасы;
слайд - шоу құру;
макромандалар жасау, қолданушының талабы бойынша күйлерін келтіру ортасын құру.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны
16384-ке, ал бағандар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді
(мәтін, сан, формула) енгізеді
Microsoft Excel
Microsoft Excel бағдарламасында сызықтық функция графигін тұрғызу
Excel-де жұмыс істеу. электронды кестелерді әзірлеу
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Мәліметтерді статистикалық талдау
MS EXCEL
Ақпараттарды кодтау мен кодпен ашу
Microsoft Excel (Windows)
Excel бағдарламасында сандық мәндерді сұрыптау
Динамикалық блоктар