UNIXтің бұндай көтерілуінің екі себебі бар Бірінші, ықшамдылығы, яғни сіз белгілі бір бағдарламалау тілінде бағдарлама
Кіріспе
UNIX операциялық жүйесі (ОЖ) 1970 жылдары Веll Laboratories (АҚШ) фирмасында жасалып шығарылды. UNIX-тің әр түрлі
нұсқалары бірінші колледждер мен университеттерде қолданыла бастады. Осы кезде UNIX-тің беделі көтерілді. Ол басқа
ОЖ-лерді ығыстыра бастады. 1978 жылы UNIX ОЖ-нің 7 нұ-сқауының шығуы, одан кейін 1982 жылы System III нұсқасының
шығуы осы ОЖ-нің кең таралуына себеп болды. 1987 жылдың аяғына таман UNIX ОЖ-сін қолданушылар саны 4,5 млн жетті.
UNIX-тің бұндай көтерілуінің екі себебі бар. Бірінші, ықшамдылығы, яғни сіз белгілі бір бағдарламалау тілінде бағдарлама
жазсаңыз, онда осы бағдарлама UNIX ОЖ-мен басқарылатын компьютерде жұмыс істейтініне сенімді боласыз.
Екінші, UNIX-тің ыңғайлылығы. UNIX шығысымен өзі коммерциялық болмай тұрып, академиялық ортада таралуы, оның ЭЕМ-нің
РDР-ІІ типтерінде қолданылуы, мини-ЭЕМ-дерге арналған ОЖ ретінде қалыптасуына әсер етті.
Біздің заманымызда UNIX бүкіл дүние жүзіне аты мәлім ОЖ. Бұнда бір уақытта мыңдаған адамдар жұмыс істей алады. Ал Internet
әлемдік торабымен жұмыс істеу үшін UNIX-тен артық ОЖ таба алмайсыз