Вирустар және олардың әр түрлігі

Вирустар және олардың әр түрлігі



Компьютерлік вирус- арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе
алына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі
мүмкін. Ішінен сондай-ақ вирус табылған программа ауру жұққан немесе бүлінген деп аталады. Мұндай программаны іске
қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орвндалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске
қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да жұғады және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы,
файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап аладыжәне т.с.с).


Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вмрустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт
көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру
әрекетттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді,ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс
істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге вирус жұққандығы бастапқы кезде
байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадындағы DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсчерін
тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері
онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын
сезуге өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, оның вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды.
Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынандай
іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

-экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т.б. шығады;

-компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

-көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.

Компьютерге вирус жұқққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискеттегі мәліметтер бұзылып үлгіреді, оның
үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа
компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.

Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінің жұққанын ешбір әсерімен
білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға
кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте
аз тигізіп бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен мүжіп, құртып жататын вирустарға не істеуге болады?

Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғандасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас
тудырмаса керек.

Вирус программасының байқалмас себебі олардың көлемі кішгірім ғана болады да, өздер ассемблер тлнде жазылады. Кез келген
жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәліімет алмасып жұмыс істейтін баса
компьютерлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топа бөлінеді

-резиденттік ( компьютер жадында тұраты саталатын) вирустар;

-резиденттік емес вирустар

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып,
алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анытау ісін
иындатады.

Дисклерге мәлімет жазу кезінде вирус өзініің жобасуына олайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатанда солармен
қосылып дискіге жазылып алады да, оны қалай жқанын адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттіік емес вирус жедел жадқа
тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске осылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп
тұрған каталогтан немесе PATH командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді


Ұқсас жұмыстар

Вирустар және олардың әр түрлігі
ХIX ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдар
Түйнек бактериялары препараттарын жасау технологиясы
Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының этиологиясы
Жасанды сұрыптау
Биосфера және адамзат. Биосфера құрылысы
Фузариоз проблемасы
Супероксидсинтазалық сигналдық жүйе
ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлігі
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТҚА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА. Дүние жүзілік мұхиттарға шолу