ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПЕРНЕ ТАҚТАСЫ

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ПЕРНЕ ТАҚТАСЫ

ДЭЕМ пернелік тақтасы немесе пернелігі, кез келген ЭЕМ пернелігі тәрізді бір тақтада орналасқан пернелер жиынтығынан
тұрады. Әрбір адам пернелік арқылы компьютерге символдық информация енгізіп, солардан оны басқару командаларын да
құрастыра алады. Бұл күнде ІBM компьютерлері пернелігінің екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 пернелік (ЭЕМ шығарылатын
фирмалардың жасауына қарай бұдан аздап өзгешелік болуы ықтимал). Бірақ екі стандарттың да пернелерінің қызметі бірдей,
тек олардың орналасауында және кейбір пернелерінің екі-екіден болуында ғана аздап айырма бар.
ІВM ДК мен үйлесімді ДЭЕМ пернелігі стандартты пернелер жиынтығынан тұрады, олар белгілі бір тәртіппен орналасып, мынадай
топтарға жіктеледі:
– алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар,
тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық және де басқа символдар, "бос орын" белгісі;
– функционалдық пернелер: F1 – F12;
– әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shіft, Num Lock, Caps Lock, Scroll Lock, Pause (Break), PrtSc және "*",
"+" "-" тәрізді пернелер;
– түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Іnsert, Delete, Home, End, PgUp, PgDn, BackSpace және бағыттауыш тілсызық
пернелер - оңға, солға, жоғары, төмен.
Терілген символдар экранның "ұ" таңбасы, яғни курсор тұрған екпінді нүктесіне енгізіледі. Курсор (сілтеме белгі) – жыпылықтап
тұратын тік сызықша тәрізді бір символдың орнын көрсетіп тұратын таңба. Алфавиттік әрбір перне латынның не қазақтың
(орыстың) бір әрпін енгізе алады. Латын әріптері QWERTY стандарты (екінші жолдың сол жақ шетінде орналасқан пернелер
тізбегі) бойынша, ал қазақ, орыс әр