Үзу контроллері

КІРІСПЕ

Ассемблер тілі фактылы түрде командалардың коды атауларымен алмастырылған машиналық тіл болып табылады. Адам сандарға
қарағанда атауларға жақсы бағытталады, сондықтан ассемблер тілін логикалық тілге қарағанда түсіну оңай. Сонымен қатар
атаулардың өздері туралы айтып тұрады.
Үзу деп микропроцессорды уақытша басқа программаның орындалуына, бірақ кейін тоқтатылған программаға қайтып
оралатындай етіп ауыстырып қосатын прцесс деп түсінуге болады.
Үзулер механизмін қолдану бізге не береді деген сұрақ туындайды? Ол тек сыртқы құрылғылармен ғана емес, сонымен қатар
программалармен ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді. Пернетақтада пернені басқанда сіз басу арқылы басылған пернені
түсінетін программаның шақырылуын орындайсыз. Бұл кезде оның коды пернетақта буферіне кейін ол басқа программамен
немесе операциялық жүйемен оқылатындай етіп енгізіледі. Мұндай өңдеу уақыты кезінде микропроцессор белгілі бір
программаның жұмысын тоқтатады, яғни үзу өңдеу процедурасына ауыстырылып қосылады. Бұдан кейін берілген процедура
қажетті іс-әрекеттерді орындағаннан кейін, тоқтатылған программа өз жұмысын жалғастырады