DOS операциялық жүйесінің сыртқы (транзитті) командалары

DOS операциялық жүйесінің сыртқы (транзитті) командалары

1. FORMAT - дискіні форматтау (белгілеу) командасы. Кез келген жаңа диск қолданардың алдында форматталуы тиіс,
яғни ОС талаптарына сай арнаулы құрылым бойынша оның беті белгіленуі (жолдарға, секторларға бөлінуі) қажет. Егер
дискінің бетінде дефектілі (ақау) секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын
етіп, дискінің іске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты дискі форматталмайды, өйткені ол заводта жасалған кезде
форматталады да, сол күйі оның кейінгі жұмыс істеуін толық қамтамасыз ете алады. Дискетті форматтау мысалдары:

С:> format__a: - A: дискжетекке салынған дискетті форматтау. Бұл командадан кейін экранға DOS версиясына
байланысты ағылшын не орыс тілінде мынадай хабар шығарады