өріс бойымен (бағана бойынша) орналасқан мәліметтер біртектес, яғни тек сандар немесе мәтіндер болса, кестені деректер қоры

Тақырыбы: Excel Электрондық кестесі. Электрондық кестемен деректер қоры ретінде жұмыс жасау.

Жұмыстың мақсаты:
Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдану тәсілдерімен танысу;
Деректер қорында әр түрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру;
Деректерді сұрыптауды үйрену.
Деректер қорының негізгі түсініктері.
Кестенің A2:F12 аймағын деректер қоры ретінде қарастыруға болады (1 суретті қара). Деректер қорында осы кестенің A, B, C, D, E,
F бағаналары өріс (поля), ал 3 – 12 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. A2:F12 аймағында өрістің аттары жазылған.
Деректер қорының құрылымына шектеулер қойылады:
Деректер қорының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасса:
Деректер қорының біріншіден басқа қатарлары тешқандай бос орын қалмайтындай болып, жазбалармен толтырыласа;
өріс бойымен (бағана бойынша) орналасқан мәліметтер біртектес, яғни тек сандар немесе мәтіндер болса, кестені деректер қоры
ретінде қарастыруға болады.
Деректер қорының атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай деректерді іздеу болып табылады.
Жазбалар саны неғұрлым көп болған сайын деректерді іздеу қиындай береді.

Excel – бұл қиындықтарыды шешуді деректерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.
Жазбаларды екшеп, теріп алу
Деректер, Фильтр (Данные, Фильтр) командасын орындау қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, екшеп теріп алуға
болады. Екшеп теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жай әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтілген
фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады.

Автофильтрді пайдалану ерекшеліктері
Автофильтрді пайдаланып, жазбаларды екшеп теру әрекеттерін орындау үшін, алдымен курсорды деректер базасы ретінде
қарастырылатын кестенің ішіне орналастырамыз немесе жазбаларды белгілейміз. Одан кейін Деректер, Фильтр, Автофильтр
(Данные, Фильтр, Автофильтр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңында төмен қарай бағыталған тілсызық
батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі деректерді екшеп теріп алу критерийлерін таңдай
аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі (- сурет) фильтрден өткізуді тоқтатады, ал Шарт Условие) бөлімін
таңдау нәтижесінде екшеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. Бір өрісте орналасқан
деректерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функцияларымен байланысқан екі шартты бір уақытта тексере отырып, екшептеруге
болады.

1 – ші тапсырма.
Кестені 1 – суретке сәйкес келетіндей Күн жүйесіндегі планеталар туралы дерекпен тотырып, work6. xls деген атпен сақтаңыз