Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары
MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
MS DOS операциялық жүйесі 1981 ж ІВМ дербес компьютерімен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге
орналастырылған болатын.
Қазіргі кезерде стандартты операциялық жүйе ретінде, Windows есептеледі, бірақ MS - DOS жүйесінің негізгі қағидалары
операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
MS - DOS операциялық жүйесі дискеттің түпкі каталогында немесе С: дискісінде файлдар түрінде сақталады да, мынадай
бөліктерден тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу – шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль
компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың
жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС-тің қарапайым және әмбебап
қызметтерін орындайды