Мәліметтерді модельдеу. Баркер әдісі

Мәліметтерді модельдеу. Баркер әдісі



Мәліметтерді модельдеудің ең кең таралған түрі ол диаграмма – «сущность-связь» болып табылады (ERD). Осы диагриамманың
көмегімен осы пән аумағына қатысты объектер, оның қасиеттері және бір-бірімен қатысы анықталады. ERD – реляциондық
мәліметтер базасын жобалау үшін өте қажет болып табылады.

Ең алғаш ERD туралы нотацияны П.Чен оқыған, содан кейін оны ары қарай дамыта түскен Баркер болып табылады. Одан әрі
Баркер әдісі автомобиль сататын бір компанияның модельдеу аумағында кеңінен қолданыла бастады. Осыдан Баркер әдісі деп
аталып кеткен. Төменде осы компанияның бас менеджерімен сұхбаттың бір үзіндісін келтірейік: бұның бірден-бір міндеті ол –
автомобильге қатысты барлық мәлімет. Ол машинаға қанша кеткенін білуі керек және машинаны құрастыруға қанша ақша
кеткенін білуі керек. Осы мәліметтерді біле отырып ол осы экземплярды сата алатындай төмен баға бере алады. Сонымен
қатар ол сол жердегі әр-бір сатушыға басымен жауап береді. Сондықтан ол әр-бір сатушының кім және қанша машина
сатқандығына да өз басымен жауап береді.

Сатушы: ол қанша ақшаға сататындығын және төменгі құны қанша екендігін білуі керек. Сонымен қатар ол машина туралы барлық
мәліметті білуі керек. Мысалы: шыққан жылы, маркасы, моделі, т.с.с.

Админстратор: оның міндеті сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт болып табылады. Сонымен қатар не үшін сатып
алушы, машина, сатушы туралы мәлмет керек екендігін және сатушыға осы үшін қанша пайда түскендігін білуі керек.

Мәліметтерді модельдеудің ең алғашқы қадамы – осы сұхбаттасудан шыққан қортынды және мәнін бөліп көрсету болып табылады.


Мәні(Entity) – заттық аумақты қарағандағы нақты және ойдағы мәнге ие болатын объект (1-сурет).



1-сурет. Мәнінің графикалық көрінісі

мәнінің аты