WІNDOWS 95 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ

WІNDOWS 95 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ



Сілтеу немесе Зерттеу (Проводник – Explorer) терезесі – Wіndows 95 жүйесінің файлдармен жұмыс істейтін негізгі программасы.
Оның көмегімен: дискідегі файлдардың көшірмесін алу;

оларды басқа орынға жылжыту; өшіру; компьютер желілерінде байланыс ұйымдастыру; программалық файлдарды іске қосу
(орындау); дискеттерді форматтау сияқты әрекеттерді атқаруға болады. Бұл программа арқылы әртүрлі мәліметтерді баспаға
шығаруға (текстен басқаларын да), диск, файл не каталог туралы толық информация алуға; және т. с. с. мүмкіндік бар.

Сілтеу программасы кез келген операциялық ортаның жүйелік қоршаулар деп аталатын арнайы программалар тобына жатады.
MS DOS жүйелік қоршаулары туралы айтылған болатын (олардың ең көп таралғаны Norton Commander программасы).

Wіndows 3.х жүйесінің де осындай арнайы программасы Fіle Manager – Файл диспетчері деп аталды. Ол программа әлі де жұмыс
атқара береді, оның негізгі іске қосу файлы - wіnfіle негізгі дискінің Wіndows каталогында орналасқан