Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы

1-тарау. Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы
1.1 Жантану пәнi
Психология — психикалық құбылыстардың (”жан қуаттарының”) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн
ғылым.
Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып
табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм,
тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бiр қарағанда бұлардың мәнiн әрқайсымыз тез ажырататын да, бiлетiн де сияқтымыз. Бiрақ
психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми
жолмен баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция.
“Психология” терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi - “псюхе” (жан), екiншiсi — “логос” (сөз, iлiм). Сөйтiп, бұл сөз “жан
туралы iлiм” деген ұғымды бiлдiредi


Ұқсас жұмыстар

Жантану пәнi, әдiстерi және тарихы
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Тәрбие мен оқыту жүйесінің дамуындағы психология. ролі және орны
Ғылыми психологияның принциптері мен жалпы зерттеу әдістері
Психологияның даму тарихы
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Психология пәні және міндеттері.Психология ғылымының қолданбалық (прикладной) мәні
Ес туралы жалпы ұғым және оның түрлері
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар туралы ақпарат