Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы
Адам — көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін тілдері мен салт-дәстүрлерін
тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті
болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысыньщ табиғаты, психикалық
құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің
жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары
арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде
психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады.
С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардьщ
арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын- дайтын және бізге тікелей тән уайымдар
сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады". Психиканың алғашқы сипаттамалық
ерекшелігі — жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарыньщ болуы — тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай
тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал
саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің
барлық ерекшелігін, шығармашылығьшың ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан
кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды
Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Ғарыш - жер серігі. Ғылыми жұмыс
Тәуeлcіздік жылдaрындaғы қaзaқ әдeбиeті
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Ізденістің әдіснамалық негізі
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында