Абайдың әлеуметтанулық көзқарастары
Абайдың әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына орыстың революцияшыл-демократтары мен Батыс Еуропа
әлеуметтанушыларының еңбектері ықпал етті. Абай Г.Спенсердің орыс тіліне аударылған әлеуметтанулық туындыларымен
танысып, оның эволюциялық теориясын қабылдайды. Бүкіл тіршілік атаулының өзгермелілігі туралы ой Абайдың өлеңдері мен
қара сөздерінде жиі ұшырасады. "Жиырмасыншы қара сөзінде": "Дүние бірқалыпты тұрмайды" десе, өлеңінде: "адамзат күнде
өзгерер" дей келіп, патриархалды-феодалдық құрылысты басынан өткізіп жатқан қазақтардың жаңа қоғамға өтеріне зор
сеніммен қарайды.
Ресей бодандығынан босау қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы екенін білетін Абай, бұғаудағы қазақтардың жағдайын "Осы
мен өзім — қазақпын" деп басталатын "Тоғызыншы қара сөзіңде" баяндайды: "Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін...
Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам - ызалана алмаймын. Күлсем — қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сәзім
емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін ..." Ол патриархалдық-рулық
құрылыстың сақталуына қынжылды. Өйткені патша үкіметі ру басыларын бір-біріне айдап салып, өзінің отарлау саясатын
тоқтаусыз жүргізіп жатқан еді. Бодандықтан құтылудың жолын надандықты жоюдан көрді. Ол үшін халқын оқу, білім, ғылымды
меңгеруге шақырды. Ғылымды үйренгенде қазақтарды бақастыққа жол беруден сақтандырады. Оның пікірінше, бақастық
адамды түземейтін, керісінше, оны бұзатын нәрсе, әсіресе ол адамгершілікті азайтатын құбылыс екенін ескертеді. Қазақ
қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымын қарастырып, оның байлар мен кедейлерге бөлінгенін, бұл бөлінудің мүліктік
теңсіздіктен туындағанын, мүліктік теңсіздік бай мен кедей арасындағы мүдденің алшақтығын қалыптастырып, әлеуметтік
қарама-қайшылыққа соқтыратынын былайша түсіндіреді:
Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, к
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары.
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы
Әлемдік әлеуметтану пәнінен дәрістер
Шоқанның пікірі бойынша, бұлар оқыған еуропалықтардың еліктеуіне тұрарлық құбылыстар
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары туралы ақпарат
XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Абайдың әлеуметтанулықой - пікірлері