Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде
әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен
ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың
(1838—1888) еңбектерінде анық байқалды. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның
"Өркениет және ұлы тарихи өзендер" деген ірі еңбегіңде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды
механикалык тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты
ғылыми пәнге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын
тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметтік прогресс белгі-өлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше
тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап,
Л.И.Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті


Ұқсас жұмыстар

Орыс философиялық ойлары
Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары туралы ақпарат
Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
Діни орыс философиясы
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары