Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым
Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді.
Бұған дейін коғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық
көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше,
бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне
грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.
Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да
проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол коғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның ішінде мемлекет,
саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен
айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Әлеуметтану білімінің құрылымы
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Теориялық әлеуметтану түсінігі
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Әлеуметтану ғылымы туралы ақпарат