СПИД
СПИД жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл кеселден құлан таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ.
Бүкілдүние жүзі денсаулық сақтау ұйымдарының деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 30 миллион адам осы ауруды
жұқтырғандығы тіркелген. СПИД көбінесе 20 – 49 жас аралығында жиі кездеседі.
СПИД деген сөз – орысша Синдром Приобретенного Иммунодефецита деген сөздердің қысқарған түрі. Көбінесе бұл дертті
орысша СПИД / ВИЧ деп атайды. ВИЧ деген – Вирус Иммуннодефецита Человека деген сөздердің қысқарған түрі. СПИД
сөзін қазақ басылымдары Жұқтырылған Қорғаныш Тыныштығының Белгісі деп аударып жүрсе, ВИЧ сөзін Адамның Қорғаныш
Тыныштығының Қоздырғышы деп аударыпты. Әрине, мұндай сөздерден қазақ жұрты ешқандай нәрсені бағамдай қоймайды
ғой. Бұл дерттің мәнісін қазақша түсіндірсек, адам ағзасындағы ауруға қарсы тұратын заттардың бүлінуі немесе жойылуы
болмақ екен. Ал, шын мәнінде бұл дерт адам қанындағы ақ түйіршіктердің бүлініп жойылуы. Соңғы кезде Семей полигоны
зардабынан пайда болған рак ауруы осы дертке ұқсас деуге болады. Мұны көбінесе дәрігерлер - ақ қан ауруы деп халыққа
түсіндіретін болды. Міне, СПИД - те осы секілді. Бұл да сол секілді ақ қан түйіршіктердің жойылуы. Қанда ақ түйіршік жойылған
соң адам ағзасы ешқандай дертке қарсы тұра алмайды. Тіпті, жеңіл – желпі тұмаудың өзі асқынып өміріне қауіп төндіреді
Спид
АҚТҚ
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
СПИД ауруы туралы
Спид дегеніміз не?
СПИД ауруын тарататын тек адам ғана
СПИД - тің анықтамасы
СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары
СПИД ауруының таралу белгілері
Жұқпалы аурулар «СПИД»