Этнография термині туралы түсінік

КІРІСПЕ

Этнография термині туралы түсінік

Этнография термині көне грек тіліндегі «этнос» – халық, «графейн» – жазу, түсіндіріп жазу дейтін мағына беретін сөздерден
жасалған. Кей кездерде этнография ғылымы зерттейтін, айналысатын объектілерді қарастыратын ғылымға этнология
термині де қолданылған. Бірақ бұл термин дүниежүзілік шеңберде этнография терминінің баламасы ретінде айналымға
жаппай кіре алған жоқ. Қазіргі ғылымда дүние жүзі халықтарын зерттейтін ғылым атауы ретінде этнография термині
қабылданған. Этнографияның зерттеу обьектісіне жер бетіндегі барлық ұлттар, халықтар санының аз-көптігіне, даму
дәрежесіне, ертедегі немесе қазіргі ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан жатады. Этнос, ұлт, халық ұғымдарына адамзат
өркениеті тарихында, этнографиялық, философиялық бағыттағы ғылымдар тарихында әр түрлі, кейде, тіпті, бір-бірін жоққа
шығаратын, қарама-қайшы анықтамалар беріліп келді. Мұндай анықтамалар мағынасы мүмкіндігінше тұтастанған қазіргі
кездің өзінде де этнографтарда ұлт, халық, этнос терминдеріне келгенде айырмашылықтары бар теориялық тұжырымдар
кездесіп жатады. Бұл мәселеде Кеңес одағы этнографтарының беделі әлемдік этнография ғылымында салмақты болғанға
ұқсайды. Мәскеу Мемлекеттік университетінің этнография кафедрасы мен ССРО Ғылым академиясы Этнография ғылыми
зерттеу институтының қызметкерлері шығарған «Этнография оқулығындағы1» анықтамада «… этнос (халық) дегеніміз
адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процесс нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың ерекше бір түрі. Әр
этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы: әдетте олар көптеген жүз жылдықтар бойы сақталады. Әр этностың белгілі
бір ішкі бірлігі болады, сондай-ақ оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан айырып тұратын өзгеше сипаты
болады. Мұның өзінде жеке этносты құрайтын адамдардың өзіндік сана-сезімі: олардың өзара идентификациясы да (бір-біріне
жақындығы да), өздері тәріздес қауымдастықтардан «біз» және «олар» дейтін антитеза формасындағы айырмашылықтары да
елеулі роль атқарады», – дейді. Басқа этнографиялық еңбектерде беріліп жататын этнос, халық, ұлтқа қатысты
анықтамалардың ішінде өзінің салмақтылығымен де, дәлдігімен де ерекшеленетін осы анықтаманы көңілге қонымды тұжырым
ретінде қабылдап, қазақ халқының ұлы жазушысы, суреткері М.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының этнографиялық
құндылықтарын саралауда басшылыққа алмақпыз


Ұқсас жұмыстар

Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Мәдениет интеграциясымен локаллизациясы
Сарайшық мұражай қорығы
Этнография термині
Этнология ғылымының тарихы
Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат - мүдделері
Еуропаның кейбір халықтарының ұлттық-психологиялық ерекшеліктері
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы