Шағын бизнесті қолдау мен дамыту
КІРІСПЕ
Шағын бизнесті қолдау мен дамыту Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың приоритетті бағыттарының бірі
болып табылады. Шағын бизнес – жеке кәсіпкерлердің, шағын фирмалардың, шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік
қызметтеріне сүйене отырып, шағын формада жүзеге асырылатын бизнес түрі. Шағын бизнес өндірістің, сауданың, қызмет
көрсеті сферасының кейбір түрлері мен формаларына тән. Экономика секторын көтеруде шағын бизнестің маңызы туралы
«Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді дамыту стратегиясында айқын көрсетілген. Үкімет осы міндеттерді орындауға нақты
мүмкіндік беретін бірнеше шаралар қабылдады: мәнді заңдылықтар базасы қабылданды, несиелік әдіс енгізілді, шағын бизнес
үшін инфраструктура жасалды. Дегенмен, мәселері де жоқ емес.
Оның себебі, шағын бизнесті дамыту туралы көптеген қаулылар мен заңдар терең экономикалық дағдарыс жағдайында,
макроэкономикалық қалыпсыз жағдайында қабылданды. Сондықтан да бұл шаралардың барлығы мемлекет тарапынан жай
ұсынған сөз сияқты қала берді, нақты түп-тамыры болған жоқ.
Бұл мәселенің тағы бір аспектісі, біз өндірістік сектор мен қарым-қатынас сферасындағы шағын бизнесті ажырата алмаймыз.
Негізінде бұл әр түрлі салалар. Өндірістік сектордағы шағын бизнес күрделі технологиларды, қымбат жабдықтарды
қолданумен байланысты, ол қарым-қатынас сферасына қарағанда, жұмыс істеушілердің жоғары кәсіптік деңгейін талап етеді.
Нарықтық қатынасқа көшпей тұрғанда еліміздің экономикасының негізін ірі өндірістік орындар құрайтын, ал шағын бизнес
мемлекеттік мүдделер сферасына жатпайтын. Дегенмен, жоспарлық экономика транформациясы кезінде кіші кәсіпорындар
мемлекетіміздің стратегиялық курсын жүзеге асырудың басты құралдарының бірі болып табылады. Әлемде шағын бизнесті
жасау және дамыту мәселесі алға тартылған жоқ, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен өзі қалыптасты.
Қазақстан экономикасының бұл секторы санаулы жылдарда қалыптасты. Шағын бизнестің мәселерінің көптеген
экономистер зерттеді және әлі де зерттеу үстінде, бірақ осыған қарамастан мәселері шешімсіз қалуда, сондықтан
Республикамызда шағын бизнесті қолдау және дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отыр.
Шағын бизнесті дамытудың қазіргі мәселесін талдауына қарасақ, екі басты бағытты көруге болады : оның қызметінің құқықтық
жағын жүзеге асыру және жаңа прогрестік формалармен шағын бизнесті қаржылай қолдау тәсілдерін дамыту. Бірінші бағытта
салық салу облысында дұрыс, тиімді құқықтық режимді орнату өте маңызды болып табылады. Салық саясатты жүзеге асыру
шаралары несие беру мәселесі тікелей байланысты болмаса да, ол жаналай шағын бизнестің кірістерімен кірістілігін
қалыптастыруына әсер етеді, атап айтқанда, салық төлеу мүмкіндігіне әсер етеді.
Шағын бизнестің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын бизнестің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі :
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі
болып табылады.
Әлеуметтік – тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектеседі.
Жаңа салықтық кодексті игеруде және осы дипломдық жұмысты жазу барысында алда тұрған басты мәселе, шағын ұйымдық
формалар субъектілеріне салық салу ісіне байланысты мәселелер бүгінгі күнге дейін қалай шешіліп келді және алдағы уақытта
қандай жолдармен шешілмек екендігін анықтау, сонымен қатар шағын бизнесі салықтық механизм арқылы көтеру тәсілдері
қаншалықты тиімді екендігін анықтау қажет болып отыр.
Бұл жұмыстың мақсаты шағын бизнес субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде
шағын бизнес субъектілеріне салық салу жүйесін жүзеге асыру жолдарымен нақты ұсыныстар болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі мәселелер құрылды:
а) «Шағын бизнес» түсінігінің мәнін анықтау;
б) Қазақстанның экономикалық дамуындағы шағын бизнестің рөлі мен орнын анықтау;
в) Қазақстан Республикасындағы шағын бизнеске салық салудың құқықтық аспектілерін қарастыру және оның тиімді дамуына
кедергі жасайтын факторларды анықтау;
г) шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салықтық тәртіпті талдау;
д) шағын бизнеске салық салудағы мемлекеттік саясаттың мәселесін анықтау және оны салықтық түрдегі әр түрлі тәсілдердің
көмегімен шешу жолдарын аңықтау.
Бұл тақырыпты зерттеудің объектісі шағын бизнеске салық салу жүйесі және Қазақстан Республикасында шағын бизнес
субъектілеріне салық салу мәселесіне байланысты қаржылық – экономикалық қарым қатынастар үрдісінде пайда болатын
мәселерді зерттеу.
Дипломдық жұмысты орындауға арналған әдістемелік негіздер – Қазақстан Республикасының экономиканы салықтық реттеу
мәселелері жөніндегі заңдық және нормативтік актілері, мерзімдік басылымдардың материалдары, Қаржы министрлігінің
статистикалық мәліметтері мен нұсқаулық нормативтік материалдары
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын және орта бизнесті дамыту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту жайлы мәлімет
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару