Бітіру жұмысының нысаны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ТАХАУИ АХТАНОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГУМАНИЗМ МӘСЕЛЕСІ
1.1. «Махаббат мұңы», «Сәуле» драмаларындағы махаббат, мораль мәселесі
1.2. «Боран», «Күтпеген кездесу», «Әке мен бала» драмаларындағы адамгершілік мәселесі
2. ТАХАУИ АХТАНОВ – КОМЕДИЯ, ДРАМАЛЫҚ ДАСТАН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ШЕБЕРІ
2.1. «Ант» драмалық дастанының тарихи негізі
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тахауи Ахтанов драматургиясы әдебиеттану ғылымында аз зерттелген. Оның қазақ дарматургиясында алатын орны жеткілікті қарастырылмай келді. Тахауи Ахтановтың бүкіл дарамалық шығармалары, яғни трагедиясы, комедиясы, әрқайсысы арнайы зерттеуді қажет етеді. демек, жазушының дарамалық шығармаларын ғылыми тұрғыда қарастыру жұмысының өзектілігін көрсете алады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Тахауи Ахтановтың драмалық шығармаларына ғылыми талдау жасауға ұмтылу. Осы мақсатқа байланысты төмендегідей міндеттер туындайды:
- Драматург шығармаларындағы махаббат, адамгершілік мәселелерін қарастыру.
- «Ант» драмалық дастанының тарихи негізін айқындау.
- Күшік күйеу комедиясындағы парасат мәселесін, ұлттық құндылықтар туралы идеяны айқындау.
Жұмыстың теориялық негіздері. Бітіру жұмысы барысында С. Жұмабек, Б. Ыбырайым, Ә. Сарай, Д. Рамазанов, Р. Нұрғали, Х. Әдібаев, Н. Ғабдулин еңбектері мен тағы басқа ғылыми мақалаларды басшылыққа алдық.
Бітіру жұмысының нысаны. Драматургтың жарық көрген «драмалық шығармаларын, яғни «Сәуле», «Боран», «Махаббат мұңы», «Әке мен бала», «Күшік күйеу», «Күтпеген кездесу», «Ант» драмалық дастаны – бітіру жұмысының нысаны болды.
Жұмыстың әдістері. Бітіру жұмысы барысында баяндау, сипаттау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың жаңашылдығы. Тахауи Ахтанов драмалық шығармаларын ғылыми зерттеу нысанына алынуы – жұмыстың жаңашылдық сипатын таныта алады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Бітіру жұмысында айтылған ой – пікірлерді орта мектептердегі әдебиет сабақтарында,жоғары оқу орындарында «Қазақ әдебиеті тарихы» пәнін оқытуда және арнайы курстарда қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТАХАУИ АХТАНОВТЫҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГУМАНИЗМ МӘСЕЛЕСІ
1.1. «Махаббат мұңы», «Сәуле» драмаларындағы махаббат, мораль мәселесі
Тахауи Ахтанов – профессионал драматург. Қазақ сахнасының көкжиегін кеңейтіп, ұлттық драма жанрының мерейін үстем етіп, осынау күрделі, жауапкершілігі мол саланың абыройын биікке көтеріп, жан дүниесіндегі, жүрегіндегі бар шындығын ортаға ақтарып салған алымды автордың театр алдындағы беделі өте үлкен.
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы
Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері
«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»
Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу