Мұхтар Әуезов


Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдары мен халық ағарту ісінің толып жатқан проблемаларын көтергені белгілі. Мәселен, “ Абай ”журналының 1918ж 1-санында жарық көрген “Ғылым ” атты мақаласында: “ Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білімінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу қажет... ” Адамшылдыққа таза жүргізу үшін, -деп жазды М.Әуезов, -көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Және оқу әр тараптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек. М.Әуезов- Қазақсатндағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының саларында арнаулы зерттеу еңбек жазбағанымен, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз. М.Әуезов өзінің “Қазақ әдебиетінің тарихы” атты еңбегінде ұлттық психологиясының жекелеген мәселелерін қазақтың, ауыз әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қаратырып, ғылыми тұрғыда сөз етеді. Ұлттық әдебиетінің шығу тарихын тереңнен қарастырып, ауыз әдебиеті үлгілерін талдауға арналған М.Әуезовтың бұл тұңғыш оқулығы мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылы Ленинградта оқып жүргенде жазылып, мың тоғыз жүз жиырма жетінші жылы Қазақсатанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында “Ел әдебиеті” деген атпен басылып шықты. Оқулық ауыз әдебиетін жанр түрлеріне қарай талдауға арналған жеті бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім “ Сыншылдық салт өлеңдері” деп аталады. Осы бөлімнің “Ел салтындағы шер өлеңдері” деген бөлімшесінде қазақтың тұрмыстық-салт дәстүрлеріне байланыфсты шыққан жоқтау, ескерту, қоштасу, көңіл айту, т.б. өлең түрлерінің мазмұнының мен тәлімдік мәніні терең талдауға көңіл бөлген. “Дінге байланысты өлеңдер” деген бөлімшесінде наурыз, бақсылардың сарыны жарапазан өлеңдерінің түрлері мен шығу тарихына тоқталған. Діни өлең-жырлардың шығу арихын халықтың мәдени, экономикалық және әлеуметтік өсу дәрежесімен байланыстыра қарастырған.
Ал, “ Қыз ұза”ту үстіндегі салт өлеңдері” деп аталатын үшінші бөлімшеде қалың малға сатылған қазақ қыздарының ел-жұрт, ағайын- туғанымен кетерде көрісіп, қоштасып, сыңсуы;“ Жар-жар” айтысында жаңа түскен жас келінге қайын жұртын таныстыру, жұбату мақсаты мақсаты көзделетіні; “Беташар ” жырында жат жұртқа келін болып келген жас әйелег жаңа жерде өзін қалай ұстауы, жүріп-тұрысы, мінез-құлқы, іс-әрекеті сөз болатыны, онда көбінесе ақыл-нақыл, өсиет-өнеге айтылатыны педагогикалық тұрғыда талданып баяндалған.
Үшінші бөлім қазақтың батырлар жыры: Едіге, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Шора Батыр, Қамбар Батыр жырларының мазмұны, шығу тарихы, мұндағы көзделетін мақсат-мүддесі, Отан қорғау, патриоттық сарындар жан-жақты қарастырылған. “Ел поэмалары ” деп аталатын бөлімде “ Қозы Көрпеш - Баян сұлу ”,“ Қыз жібек ”, жырларының мазмұны,көтерген әлеуметтік мәселелері: әйел теңдігі, жастардың сүйгеніне қосылуы мақсат етуі, феодалдық салт-дәстүрдің екі жақтың қосылуына бөгет болуы, осы жолда Төлеген мен Қозының өлімге ұшырауы айтылады.
“Тарихи өлеңдер” деп айтылатын төртінші бөліиге тарихи уақиғаларға байланысты туған “Кенесары Наурызбай”, “Исатай Махамбет”, “Бекет батыр” жырларының мазмұны мен мәні, шығу тарихына талдау жасалған.
М.Әуезвтің ойшыл, ғалым-педагог ретінде өз бетін танытқан іргелі жұмысының бірі – бастауыш мектеп бағдарламасыны сәйкес жазылып, мың тоғыз жүз отызыншы жылдарныда Қызылорда жарық көрегн “ Жеткіншек ” атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы. “Жеткіншек ” - “Жалпы бөлімнен” , “Қазақстан” және “ Кеңес одағы ” деп аталатын тараулардан тұрады.“ Жалпы бөлімде ” Кеңес үкіметі әкелеген жаңалықтарды қазақ шындығына негіздей отырып, жеңіл тілмен, шағын көлемде баяндайды. Кітаптың “Қазақстан” атты тарауларында елдегі жер бедері, ауа райы, әкімшілік- территориялық орналасуы, халық шаруашылығы, жол қатынастары, ауыл мен қала арасындағы байланыстар туралы нақтылы деректер беріледі. Автордың оқулықты бұлай құруы тәліми-танымы жағынан көңіл аударарлықтай. Өз өлкесін танып білу шәкірттерді патриотизмге, туған өлкені қадір тұтып, сүйе білуге бірден-бір жол екені түсінікті. М.Әуезов келтірген нақты деректер, оның зерттеуші –социолог ретніде, оқу құралын жазуға көп еңбек сіңірген көрсетеді. “ Елу жылда жаңа” дегендей, “Жеткіншек” жарық көрген алпыс жылдан астам уақыттан бері елімізде, оның ішінде Қазақстанда да ұлан-ғайыр өзгерістер болды. Бұл өзгерістер халық ағарту саласын да әсер етті. “Жеткіншекте” топталған көп мәселелерді қазіргі оқушылар жеке пән ретінде меңгереді. Мың тоғыз жүз отызыншы жылы Қазақстан Оқу халық комисариаты білім кеңесінің шешімі бойынша, “Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған бағдарлама және түсінік хаттар” деген атпен жарық көрді. Бұл алғаш рет жүйелі түрде қазақ мектебіне математикадан, химиядан, қоғамтану мен әдебиеттен нені оқыту, қалай оқыту керектігі туралы түсініктер берілген арнаулы бағдарлама еді. Осы кезге дейін бізде пәндерді оқытудың әдістемелік ғылыми жүйесі жасалынбаған болатын. М.Әуезов басқарған ғалым-әдіскерлер шәкірттерге тек нені оқыту керек екенін көрсетіп қана қоймай, оларды қалай оқыту керек деген мәселені де шама-шарқынша сөз етті. Мәселен, “Суретті әдебиет құралы ”атты қазақ әдебиетін оқытуға арналған бағдарламада “Жалпы сөз” деп аталатын кіріспеден басқа, “Оқытуға жаттығу ”, “ Сөйлеуге жаттығу” , “Жазу тіліне жаттығу” , “Әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы іспен байланысы” , “Әдебиет шығармаларын түр жағынан зерттеу ” , т.б. бөлімдер бар. Автор әдебиетті оқытуды тек мектеппен ғана шектелмей, сыныптан тыс, үйде де оқуға көңіл бөлген. Бұл істегі оқытушының ерекше жауапкершілігі, негізгі міндетті былайша тұжырымдалған:
- салт-сана жағынан зиянды болмайтын, пайда келтіретін кітаптардың тізімін жасау керек, әсіресе , мектептегі суретті әдебиеттің ішінде боғауызы бар, жалаңаш құмарлықты айқындап шығартын кітаптар болмағаны дұрыс;
- онан соң оқитын кітаптарды таңдағанда, балаларға жылда мектепте оқитын әдебиет сабағына байланысты нәрселерді беру лайық. Әдебиеттен сабағына байланысты нәрселерді беру лайық. Әдебиеттен берілген жыл дәуіріне жанасатын кітаптар оқылғаны мақұл. Соңғы уақыттарда шыққан қызықты кітаптарды да керексіз қылуға болмайды . Бағдарламаның“ Түсінік хат” атты бөлімінде қазақ даласында оқытушы кадрлардың әлі әдістеме мәселелерінің көп мән-жайын жетік біле бермейтіні ескеріліп, осыған орай бірнеше ақыл-кеңестер берілген. Олардың ішінде ұдайы жақсы оқитын баларға ғана сүйеніп, ылғи соларды ғана оқыту арқылы бір-екі баланы ұзатып әкетіп, өзгелерін артта қалдырып алмау; оқушыларды дауыстап, не іштей оқуға ғана машықтандырмай, басқаның оқығанын тыңдап, ұға білу дағдыларына да баулу керектігі ескертілген. Автор, сондай-ақ ескі мен жаңаны салыстыра отырып, түсіне оқу, балалардың ой-өрісін өрбітіп, түсінігін молайтып, ескі оқуда орын алған қиянаттарды болдырмауды ескертеді. Бағдарламада жазу тіліне жаттығудың жолдарын қарастырып, ұғуға қиын сөздерді, сөйлемдерді жазып алу, солардың сөздіктер құрастыру, кітаптан сөз талғап ала білу , оқығанды жоспарлай білу, кеңсе қағаздарының жазу үлгілерін меңгеру, тезистер жасау мен баяндамалар даярлау, әдебиет туындыларына жазбаша сын жазып, баға беру, т.б. осы іспеттес әдістемелік жәйттер аталып өтілген. М.Әуезовтің ұстаздық еңбегін сөз еткенде, оның ұзақ жылдар бойы қазақ мемлекетік университетінде қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқып, келешек әдебиет зерттеушісі, мұғалімдер мен журналистерді тәрбиелеуге қосқан үлесін де айтпай келе алмаймыз. Сондай-ақ академик М.Әуезовтың ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының фольклор бөлімін басқара отырып, қазақ халқының бай қазынасы –ауыз әдебиеті тарихының бірінші томының бас редакторы және дайындаушысы болуы, қырғыздың эпосы “ Манас” туралы зерттеу еңбегін жазуы, Абайдың ақындық қызметі жайындағы монографиясы, т.б. оның қазақ мәдениетін терең зерттеп, әлем ғалымдары алдында көрсетуге сіңірген ұшан-теңіз мол еңбегінің бір ұшығы ғана деп қарауға болады.Заманымыздың заңғар жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Айтматов “Правда ” газетінде: “Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Ортазиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халықтарымыздың рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов сондай әсер етті ” –деп жазды.


Ұқсас жұмыстар

Палееоолит дәуірі
Социогенез
Палеолит кезеңдері
Адамзат баласының пайда болуы
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Әлеуметтік экологияның қалыптасуы
Ежелгі тас ғасыры
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)