Балалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңіне тән ерекшеліктер:
1) Ұжымның мақсатының
әрбір мүшесінің іс-әрекеті үшін мотив болуы,
ұжым ішінде ізгілік қарым-қатынастың
қалыптасуы.
2) Тұлғаның ұжымда
өзін көрсетуі үшін мүмкіндіктер мен
жағдайлардың туындауы.
3) Ұжымның өзі-өзі
басқаруға көшуі, сынып белсенділерінің әр
түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы, шығармашылық
ынтымақтастықтың пайда болуы, қоғамдық
пікірдің қалыптасуы, ұжым дәстүрінің
пайда болуы, ұжым мақсатының әрқайсысы
үшін маңызды болуы.
4) Әр жеке тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге,
мінез-құлқын өзіндік реттеуге
бағыттылықтың болуы.
5) Әр түрлі ынтал ытоптардың
айқындалуы.