Балалар ұжымы қалыптасуының екінші кезеңіне тән ерекшеліктер:
1) Ұжымның мақсатының әрбір мүшесінің іс-әрекеті үшін мотив болуы, ұжым ішінде ізгілік қарым-қатынастың қалыптасуы.
2) Тұлғаның ұжымда өзін көрсетуі үшін мүмкіндіктер мен жағдайлардың туындауы.
3) Ұжымның өзі-өзі басқаруға көшуі, сынып белсенділерінің әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруы, шығармашылық ынтымақтастықтың пайда болуы, қоғамдық пікірдің қалыптасуы, ұжым дәстүрінің пайда болуы, ұжым мақсатының әрқайсысы үшін маңызды болуы.
4) Әр жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, мінез-құлқын өзіндік реттеуге бағыттылықтың болуы.
5) Әр түрлі ынтал ытоптардың айқындалуы.