Құрылыс мердігерлік шарты бойынша:
1) мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағанттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
3) мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаны әзірлеуге немесе іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенеді.
4) мердігер (атқарушы) тапсырысшың тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті.
5) энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте жалғанған желі арқылы энергия беруге міндеттенеді, ал абонент алынған энергия үшін ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимін сақтауға, өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.