Макбеттің (2004) көшбасшылықтың алты факторы Бастамашылдық бөлініс
1) Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепте сырттан жасалатын , күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.
2) Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталушылық-стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады.
3) Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа ие.
4) Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни көшбасшыны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға негіз бар.
5) Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы , жетекші деген болмайды.