Тест сұрақтары
-
1898 жылы қосарынан ұрықтануды кім ашты?
-
Митоздық индекс дегеніміз?
-
Митоздық цикл дегеніміз?
-
Локус дегеніміз не?
-
Лептонема дегеніміз?
-
Летальдылық дегеніміз?
-
Дезоксирибонуклеин қышқылы?
-
Организмнің ұрпақ өрбітуге және гаметалар түзу есебінен келесі ұрпаққа тұқым қуалау информациясын беруге қатысуын қамтамасыз ететін белгілер мен қасиеттер жиынтығы
-
Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер мен жануарларда аталық және аналық жыныс особьтарының айырмашылығы қалай аталады?
-
Шағылыстырудың биологиялық пайдалылығы заңын тұжырымдаған ғалым
-
Талдаушы шағылыстыруда жыныстардың біреуі гомозиготалы, екіншісі - гетерозиготалы болуы тиіс деген гипотезаны дәлелдеген ғалым
-
Жынысты анықтайтын бірдей гаметалар түзетін жыныс
-
Жынысты анықтайтын әр түрлі гаметалар түзетін жыныс
-
Жыныстық айырмашылығы жоқ хромосомалар қалай аталады?
-
Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясын тұжырымдаған ғалым
-
1949 жылы мысықтың нейронын зерттеуде клетканың интерфазалық ядросында кейбір бояғыш заттармен жедел боялатын түйіршіктер болатынын анықтаған ғалымдар
-
Организмнің ұрықтандырусыз дамуы қалай аталады?
-
Жыныс детерминациясының неше түрі бар?
-
Жыныстық организмнің өсіп даму (онтогенез) процесінде жіктелуі қалай аталады?
-
Жыныстың жіктелуі ата - аналардың гаметогенезі кезінде анықталуын қалай атайды?
-
Болашақ ұрпақтың жынысы гаметалар қосылған кезде анықталуын қалай атайды?
-
Организмнің жыныстық айырмашылығын көрсететін құрылысы, атқаратын қызметі жөнінен басқа хромосомалардан айырмасы бар хромосомалар жұбы не тобы қалай аталады?
-
1922 жылы дрозофиланың үшеселенген хромосомалар жиынтығы бар үшплоидты 3Х+3А ұрғашыларын тапқан қай ғалым?
-
"Ядроның саттеллиттері" (серіктері) деп аталатын денелерді алғаш тапқан ғалымдар
-
Гонадалардың дамымауымен, гонадотропиннің көп бөлінуі және басқа да өзгерістермен сипатталатын синдром
-
Ұрғашыларға тән гонадалаының дамымауы мен басқа да жыныс органдарының кемістіктері бар фенотиппен сипатталатын синдром қалай аталады?
-
Жыныс хромосомаларындағы гендер анықтайтын белгілерді қалай атайды?
-
Жыныспен тіркес белгілер құбылысын ең бірінші жеміс шыбыны - дрозофиланың қызыл көзділері мен ақ көзді тұқымдарын шағылыстыру арқылы ашқан ғалым
-
Белгілердің аналықтан еркек ұрпағына, аталықтан ұрғашы ұрпаққа берілуін қандай тұқым қуу деп атайды?
-
Аутосомаларда орналасқан гендердің бақылауымен бірақ фенотипте тек қана бір жыныста көрінетін белгілерді қалай атайды?
-
Насекомдардың құрсағының арқа жағынан қарағандағы хитинді скелетті пластинкасы қалай аталады?
-
Насекомдардың құрсағының ішкі жағынан қарағандағы хитинді пластинкасы қалай аталады?
-
Лабораториялық жағдайда ересек дрозофиланың қуыршақты жарып шыққаннан кейінгі тіршілік ету ұзақтығы қанша аптаға созылады?
-
Дрозофиланың аталықтарында болатын жыныстық айдаршалар денесінің қай бөлігінде орналасқан?
-
Дрозофила аналығының ішкі жыныс аппаратында неше тұқым қабылдағыш бар?
-
Дрозофила жұмыртқасының толық дамуы неше сағатқа созылады?
-
Дрозофила жұмыртқасын қорғайтын жыныс безінің фолликулярлы эпителийіен түзілген сыртқы жарғақ қалай аталады?
-
Дрозофила жұмыртқасының жоғарғы бөлігінде орналасқан, сперматозоиттың жұмыртқа ішіне енуін қамтамасыз ететін тесік қалай аталады?
-
Дрозофила аталығының ішкі жыныс органдарын ата:
-
Дифференцияция процесінде аталық гаметалар дамитын ішкі қабатты қалай атайды?
-
Биологиялық түрде екі, яғни аталық және аналық жыныстың болуын не деп атайды?
-
Дара жынысты организмнің бойында екі жыныстық (аталық және аналық) белгінің болуы қалай аталады?
-
Макроспорадан аналық гаметофит және аналық жыныс клеткасының түзілу процесі
-
Аталық гаметофиттен аталық жыныс клеткаларының (микроспора) түзілу процесі
-
Дифференциация процесінде аналық жыныс клеткалары дамитын сыртқы қабатын қалай атайды?
-
Жыныстардың генетикалық анықталған арақатынасын не деп атаймыз?
-
Андроген дегеніміз не?
-
Жыныспен тіркес белгінің тұқым қууын пайдаланып, қай қалада Пеннет тауықтың қамбар тұқымын шығарған?
-
Лабороториялық жағдайда дрозофила үшін қалыпты температура неше градус болуы керек?
-
1 жылда дрозофиланың қанша ұрпағын алуға болады?