Тест сұрақтары
-
Аллельдi гендердiң әр құрылымының ауысуына қандай процесс себеп?
-
Нуклеотид мына белгiлердiң қайсысынан тұрады?
-
Қандай қосылыстар ақуыз молекуласының мономерi болып табылады?
-
Нуклеотид мына берiлгендердiң қайсысынан тұрады?
-
Қандай белгiлердi альтернативтi деп атайды?
-
Альбиностардың қандай жанұясында ,бала болмайды?(альбинизм генi рецессивтi, аутосомды - а);
-
Нелiктен туыстас некелерден туған балаларда тұқым қуалауға байланысты аурулар жиi болады?
-
Гетерозистiң биологиялық маңызы қандай?
-
Өсiмдiктерде альбиностар (ақ) летальдi гендерге жатады (өлiп қалады), бiрақ көптеген түрлердiң ұрпағында альбиностар кездеседi. Альбиностар өлген кезде олар неге бiржола жойылып кетпейдi ?
-
Қара түстi тышқанды бiр-бiрiмен шағыстырғанда олардан алынған ұрпақ әрқашанда қара болады. Сары түстi тышқанды бiр-бiрiмен шағылыстырғанда үштен бiрi қара, ал үштен екiсi сары болады. Бұны қалай түсiндiруге болады?
-
Будандастырудың қандай түрiнде келесi ұрпақтар фенотипi бойынша 3:1 қатынасында ажырайды?
-
Инсектицид уына (ДДТ) төзiмдi тарақанның аталықтарын ДДТ-ға төзiмсiз тарақандардың аналықтарымен будандастырған Бiрiншi ұрпағында барлық жаңа туылған ұрпағы ДДТ-ға тұрақты болып, екiншi ұрпағында ажыратылу қатынасу: 3 төзiмдi және 1 төсiмсiз. Айтылған белгiлердiң қайсысы доминантты?
-
Адам шашаының бұйра болу белгiсi болжам бойынша - доминантты белгi. Жанұяда үш бала бар. Қызының шашы тiк, ал екi ағасының бiреуiнiкi - бұйра, бiреуiнiкi - тiк. Шешесiнiң шашы бұйра, ал әкесiнiкi - тiк. Егер бұйраның генiн Д деп алсақ, онда балаларының генотиптерi қандай?
-
Үй хайуанаттарындағы инбридингтiң жағымды жақтары қандай?
-
Туысқандық қатынастағы денi сау ата-аналардың ұрпағында тұқым қуалайтын аурудың көп болуы неге байланысты?
-
Ген мына үш формадағы аллель түрiнде кездеседi: а1 а2 а3. Диплоидты ағзаларда қандай гетерозиготты генотиптер болуы мүмкiн?
-
Мендельдiң тәжiрибесiндегi дигибридтi будандастыруда жұп гендер қайда орналасады?
-
Аллельдiк гендер қалай орналасады?
-
Аллельдi гендер немесе жұп гендер ұрпақ жасушасында қалай байқалады?
-
Қосалқы белгiлер қанша гендерде (жаңа мәлiметтер бойынша)?
-
Моногибридтi шағылыстыру кезiнде гибридтiң ағзадағы хромосомдақанша аллельдiк ген бiр белгi үшiн жауап бередi?
-
Мейозда аллельдi гендер қалай ажырайды?
-
Талдаушы будандастыруды қандай мақсатта жүргiзедi?
-
Қандай будандастыруда белгiлердiң 9:3:3:1 арақатынасы байқалады?
-
Қара және сұр тышқанды будандастырғанда 30 ұрпақ алынды. Оның 14-i қара түстi көк түстiң қараға қарағанда доминантты екенi белгiлi. Тышқанның ата-анасының генотипi қандай?
-
Мендельдiң екi заңының мәнi неде? (белгiлердiң тәуелсiз тұқым қуалауы)
-
Адамдарда керең -мылқаулықты анықтайтын ген (S) рецессивтi болады. Осы аурумен ауыратын ер адам есту қабiлетi жақсы әйелге үйленген, бұл некеден есту қабiлетi жақсы бала туады. Шешесiнiң генотипi қандай болуы мүмкiн?
-
Намазшам гүлiнiң екi формасын (қызыл және ақ гүлдi) будандастырғанда екiншi гибридтiң ұрпағында мынадай белгiлер ажырайды?
-
Аллельдi гендерi бар хромосомалар қалай аталады?
-
Қандай семьяда барлық балалары альбиносты болады? (альбинум генi- рецессивтi және аутосомды - а)
-
Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек денi сау әйелмен некелескен. Олардың 8 баласы болған: 4 ұл және 4 қыз. Барлық қыздары тұқым қуалау ауруыменн туған (ұлдарында ондай жоқ). Осы тұқым қуалау ауруы қай типке жатады?
-
Егер ұрпақта мынадай ажырау болса : 1AABB 2Aa BB 1aa BB онда ата-аналарына қандай қасиеттер тән?
-
Қай кезде екеуi де гомозиготалы әке-шешесiнiң Е1-дегi гибридi фенотип бойынша оларға ұқсайды?
-
Мысықтардың қысқа жүндi түрiнiң ангор мысығына қарағанда доминантты генi бар. Егер ангор мысығын қысқа жүндi мысықпен будандастырғанда 6 қысқа жүндi 2 ангорлы ұрпақ берсе, онда осы будандастырылған мысықтардың генотиптерi қандай?
-
Егер де адамның жыныстық хромосомасының жиынтығы ХХҮ болса , онда адам қай жынысты болады ?
-
Егер де дальтонизм тасымалдайтын гетерозиготалы әйелдiң және көру-қабiлеттiлiгi жақсы еркектiң некесiнен қандай ұрпақты күтуге болады? Белгi жыныспен тiзбектелген және рецессивтi?
-
Егер ұрпағында фенотип 1:1 қатынаста кездессе, онда ата-аналары туралы не айтуға болады?
-
Гомозиготалы ата-аналарын шағылыстырғанда, пайда болған будандағы белгiлер қалай аталады?
-
Асбұршақтың қандай ерекшелiктерi оны генетикалық зерттеу барысында ыңғайлы объектетедi?
-
Мендельдiң пайдаланған методикасының қайсысын сiз тұқымқуалаушылық заңдылықтарын анықтауда ең негiзгiсi деп санаймыз?
-
Мейоз барысында аллельдi гендер қалай ажырайды?
-
Мына формула 1:2:1 қандай будандасуда генотипi мен фенотипi бойынша F2-де ажырайды?
-
«Аң төрт түрлi аллельдi формада болуы ықтимал (а1, а2 , а3, а4) диплоидты организмдерде қандай гетерозиготалы генотип болуы мүмкiн?
-
Егер ұрпақтар арасындағы фенотиптерi 9:3:3:1 болса ата - аналары жөнiнде не айтуға болады?
-
Қандай гендер тәуелсiз тұқымқуалайды?
-
Егер А және В гендер өзара толық тiркессе диплоидты организмнiң генотипi қандай
-
Мысықтардың жүнiнiң түсi сарғыш болуы r генiне байланысты, ал қара түсi болуы-R генiне байланысты. Бұл екi генде Х- хромосомада шоғырланады. Осыған сәйкес ген У-хромосомада жоқ. Мысықта Rr генотипi болса тарғыл түстi болады. Нелiктен аталық мысықтар тарғыл түстi болып кездеспейдi?
-
Генетикада жаңа құрым дегенiмiз?
-
Генетикалық анализдiң қандай нәтижесi хромосомалық тұқым қуалау теориясын дәлелдейдi?
-
Мына аталған әдiстердiң қайсысы адам генетикасын зерттеуде пайдаланылады?