Тест сұрақтары
-
Бүйрекүсті бездер қандай гормон бөліп шығарады?
-
Қарынасты безі қандай гормон бөліп шығарады?
-
Аналық жыныс безі қандай гормон бөліп шығарады?
-
Эпифиз қандай гормон бөліп шығарады:
-
Гипофиздің салмағы неше граммға жақын?
-
Көрсетілген сүйектердің қайсысы біліктік қаңқаға жатады?
-
Омыртқада қандай өсінділер бар?
-
Мойын омыртқаларына тән анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз?
-
Қандай омыртқалардың артқы бүйір бетінде қатарынан толық және жартылай шұңқырлар орналасқан
-
Қандай омыртқалардың артқы бүйір беттерінде жартылай қабырғалық шұңқырлар бар?
-
Омыртқа бағанасының қай жерінде мүйіс орналасқан?
-
Сегізкөздің қай бөлігінде құлақтәрізді буындық бет орналасқан?
-
Қай омыртқаның қылқанды өсіндісі екіге айырылған және көлденең өсіндісінде тесік бар:
-
Бірінші қабырғаның қай жерінен бұғанаасты артериясының жүлгесі өтеді?
-
Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады?
-
Жауырынның тоқпан жілікпен байланысатын буындық ойығы қай жерінде орналасқан?
-
Сегізкөздің тақ қыры неден құралған?
-
Тоқпан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан
-
Кәріжіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
-
Ұршық ойығын құруға қандай сүйек қатысады?
-
Үлкен жамбас астауын кіші жамбас астауынан бөліп тұратын шекараны көрсетіңіз
-
Ортан жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
-
Асықты жіліктің дисталды шетінде қандай анатомиялық құрылымдар орналасқан?
-
Тілерсек сүйектерін көрсетіңіз
-
Мисауыт құруға қатысатын сүйекті көрсетіңіз
-
Бассүйек күмбезін құруға қандай анатомиялық құрылымдар қатысады?
-
Мисауыт сүйектерінің қайсысында жұтқыншақтық төмпешік бар?
-
Шүйде сүйекте қандай бөліктерді ажыратады?
-
Мисауыттың қай сүйегінің үлкен және кіші қанаттары бар?
-
Мисауыттағы қандай сүйекте гипофизарлық шұңқыр бар?
-
Самай сүйек пирамидасы арқылы қандай өзек өтеді?
-
Беттік өзектің шығу тесігін көрсетіңіз
-
Қай мұрын қалқаны торлы сүйектің өсіндісі болып табылмайды?
-
Жоғарғы жақсүйек қойнауы қайда ашылады?
-
Мойындырық тесігін қандай сүйек шектейді?
-
Маңдай қойнауының тесігі қайда ашылады?
-
Қандай тесік қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысымен байланыстырады?
-
Көзұяның медиалды қабырғасын қандай сүйектер құрайды?
-
Жоғарғы мұрын жолына қандай қосымша қойнаулардың тесіктері ашылады?
-
Қандай сүйектер мұрын қуысының латералды қабырғасын құруға қатысады?
-
Маңдай сүйек қандай қуыстың қабырғасын құруға қатысады?
-
Қандай анатомиялық құрылымдар буынды сипаттайды?
-
Көрсетілген буындардың қайсысы бір біліктіге жатады?
-
Қандай буындар екі білікті буындарға жатады?
-
Көрсетілген буындардың қайсысы көп білікті буындарға жатады?
-
Пішіні бойынша шықшыт буыны қандай буындарға жатады?
-
Бала басын ұстай бастағанда қандай иілім пайда болады?
-
Омыртқа доғаларын қандай байлам байланыстырады?
-
Ауыз омыртқа-білік буыны пішіні бойынша қандай буынға жатады?
-
Ауыз омыртқа-білік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?