Тест сұрақтары
-
Омыртқа бағанасының ең қозғалмалы жерін көрсетіңіз
-
Шынтақ буынына жататын анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз
-
Қолдың қандай буындары кешенді буындарға жатады?
-
Қолдың қандай буындары шығыршық тәрізді буындарға жатады?
-
Иық буыны құрылысы бойынша қандай буындарға жатады?
-
Қандай сүйектер сирақ-асық буынын құруға қатысады?
-
Иық буынында қандай байламдар бар?
-
Тоқпан-кәрі жілік буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
-
Шынтақ буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
-
Кәрі жілік-білезік буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
-
Сегізкөз-мықын буыны пішіні бойынша қандай буындарға жатады?
-
Сегізкөз-мықын буынына қандай байламдар тән?
-
Иық буыны қызметі бойынша қандай?
-
Иық буынындағы буынішілік құрылымдарды атаңыз
-
Сегізкөз-мықын буыны қызметі бойынша қандай қосылыс түріне жатады
-
Тізе буынында қандай қозғалыстар болуы мүмкін?
-
Арқаның терең бұлшықеттеріне жататын бұлшықетті көрсетіңіз
-
Арқаның аса жалпақ бұлшықеті қандай сүйекке бекиді?
-
Үлкен ромбтәрізді бұлшықет қандай сүйекке бекиді?
-
Омыртқа бағанасын тіктейтін арқа бұлшықетінің аты?
-
Тыныс алуға қатысатын арқа бұлшықеті
-
Кеуде торын кеңейтуге қатысатын бұлшықетті көрсет
-
Қандай бұлшықет қабырғаны түсіреді?
-
Көкеттің атқаратын қазметін көрсетіңіз
-
Іштің тік бұлшықеті қынабының артқы қабырғасын түзуге кіндіктен төмен қандай анатомиялық құрылымдар қатысады?
-
Шап өзегінің төменгі қабырғасын құруға қатысатын құрылымдарды көрсетіңіз
-
Шап өзегінің терең сақинасына - іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетінде қандай анатомиялық құрылым сәйкес келеді?
-
Санның артқы тобының бұлшықеттерін көрсетіңіз
-
Шап өзегінің беткей сақинасын құруға қатысатын құрылымды көрсетіңіз
-
Төс-бұғана-емізік бұлшықеті бір жақты жиырылғанда қандай қызмет атқарады
-
Тіласты сүйегі үстіндегі бұлшықеттерді көрсетіңіз
-
Тіласты сүйегі астындағы бұлшықеттерді көрсетіңіз
-
Ұйқы үшбұрышының қабырғаларын құруға қандай құрылымдар қатысады?
-
Төменгі жақсүйек асты үшбұрышын құруға қандай құрылымдар қатысады?
-
Мимикалық бұлшықеттердің топографиялық және құрылымдық ерекшеліктері.
-
Қандай бұлшықет жоғарыда орналасқан қабырғадан басталып, төмен орналасқан қабырғаның жоғарғы жиегіне бекиді
-
І-қабырға мен бұғана арасында орналасқан бұлшықетті атаңыз
-
Көздің дөңгелек бұлшықетінің бөліктерін көрсетіңіз
-
Көкеттің сіңірлі орталығында қандай тесік орналасқан
-
Меншікті шайнау бұлшықеті қай сүйектен басталады?
-
Самай бұлшықеті төменгі жақсүйектің қай жеріне бекиді?
-
Көкеттің бұлшықетті бөлігінен қандай тесік өтеді
-
Қандай бұлшықеттер иықты иық буынында бүгеді?
-
Кәрі жілік нерві өзегінің қабырғаларын қандай құрылымдар құрайды
-
Иықтың үш басты бұлшықетінің қызметін көрсетіңіз
-
Бұлшықеттік тесік арқылы қандай анатомиялық құрылымдар өтеді
-
Үлкен шонданай тесігі арқылы қандай бұлшықет өтеді?
-
Ерлердің шап өзегінің құрамы
-
Сан өзегінің терең сақинасын шектейтін құрылымдарды көрсетіңіз
-
Тақым шұңқырын шектейтін бұлшықеттерді көрсетіңіз