Тест сұрақтары
-
Қандай өзек тақым-сирақ өзегімен байланысады
-
Әйелдердің шап өзегінің құрамын көрсетіңіз
-
Шап өзегінің алдыңғы қабырғасы неден құралған
-
Ауыз кіреберісінің қабырғаларын қандай анатомиялық құрылымдар құрайды?
-
Қандай анатомиялық құрылымдар ауыз кіреберісін меншікті ауыз қуысынан бөліп тұрады?
-
Аңқаны шектеп тұрған анатомиялық құрылымдарды көрсетіңіз
-
Тістің бөліктерін көрсетіңіз
-
Адамның тұрақты тістері қай жаста шығады?
-
Ауыз қуысының қай жеріне шықшыт безінің түтігі ашылады?
-
Ауыз қуысының қай жерінде төменгі жақсүйек асты безі ашылады?
-
Ауыз қуысы жұтқыншақпен қандай тесік арқылы байланысады
-
Тілдің қай жерінде науашықтәрізді бүртіктер орналасқан
-
Тіл бадамшасының орналасқан жерін көрсетіңіз
-
Қандай бұлшықет тілді артқа және төмен тартады
-
Қандай бадамша таңдай-тіл және таңдай-жұтқыншақ доғаларының арасында орналасқан
-
Мұрын-жұтқыншаққа ашылатын тесіктерді көрсетіңіз
-
Өңештің қандай бөліктері бар?
-
Сыртқы есту өтісінің астында орналасқан сілекей безін атаңыз
-
Өңештің анатомиялық қысыңқыларын көрсетіңіз
-
Жұтқыншақ мұрын қуысымен қандай тесік арқылы қатынасады
-
Жұтқыншақтың артқы және жоғарғы қабырғаларының арасында орналасқан бадамшаны атаңыз
-
Кеңірдек айырығы тұсындағы өңештің қысыңқысын атаңыз
-
Мезоморфты типті адамдардың асқазанының пішіні қандай
-
Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігін көрсетіңіз
-
Үлкен бүртік он екі елі ішектің қай бөлігінде орналасқан
-
Тоқ ішектің қай бөлігінде шажырқай жоқ?
-
Ұйқы безі басының қандай омыртқаның тұсында орналасқанын көрсетіңіз
-
Ұйқы безінің басы қандай ағзалармен жанасатынын көрсетіңіз
-
Ұйқы безінің ішастармен қатынасын көрсетіңіз
-
Ұйқы безі түтігінің он екі елі ішектің қайсы бөлігіне ашылатынын көрсетіңіз
-
Асқазан ішастармен қалай жабылған?
-
Ұйқы безі түтігімен қосылатын түтікті көрсетіңіз
-
Аталған ағзалардың қайсысы экстроперитонеалды орналасқан
-
Пейер түйіншелері қандай тіннен құралған
-
Ішектің қай бөлігінде пейер түйіншелері орналасқан
-
Аш ішек ішастармен қалай жабылған
-
Ішек түтігінің қай бөлігінде алғашқы рет май ыдырай бастайды
-
Тоқ ішектің сыртқы ерекшеліктерін көрсетіңіз
-
Қандай ағза эмбрионалды кезеңде қан өндіру қызметін атқарады:
-
Қандай ағзада Купфер жасушалары фагоцитарлық қызмет атқарады
-
Тоқ ішектің бастапқы бөлігін атаңыз
-
Соқыр ішек ішастармен қалай жабылған
-
Ішек түтігінің аталған бөліктерінің қайсысы жіңішке ішекке жатады?
-
Қандай ішкі ағза ұйқы безінің басын қоршай орналасқан?
-
Ұйқы безінің құйрығы қай ағзаның жанында орналасқан?
-
Қандай ішкі ағза ұйқы безінің алдыңғы бетіне жанасып жатыр?
-
Мұрын қуысының қорғаныштық (тазарту) қызметін атқаруға икемделген бөлігін көрсетіңіз
-
Мұрын қуысының тыныстық аймағының бездерін көрсетіңіз
-
Аталған қуыстардың қайсысы төменгі мұрын жолына ашылады?
-
Көрсетілген қуыстардың қайсысы ортаңғы мұрын жолымен байланыспайды?