Тест сұрақтары


Әпкенің іні сияқты жеткіншегі, жансүйер жақыны кім?
Адамды жеңіске жеткізетін қозғаушы күш
Отанға қызмет ету қай рәсімге жатады?
Үлкенді сыйлау қандай әрекетке жатады?
Әр заттың құнын, бағасын білмей босқа шашуды білдіретін ұғым?
Адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың, жанкүйелік белгісі.
Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра?
Жырдың түрлерін атап көрсет?
Менің атым- Сүйімжан, Тентекпін- ау құйыннан! Жаман таным жолы етіп, Құлап қалдым сиырдан.  Өлеңнің қай түріне жатады?
Заман өзгерген сайын халық педагогикасы жаңа мазмұнды жұмбақтармен толыса бастады. Бұл қай ғасырларда?
Бесік жырларын мазмұнына қарай 4 топқа топтауға болады. Төмендегі жауаптардың ішінен қатесін тап:
Балбөбектің тұсауы қай кезде кесіледі?
Тұсау кесу рәсімінде баланың тұсауы немен байланады?
Тұсау кесілген соң баланы ақ жол тілеп және жолы жұмсақ болсын деп ненің үстімен жүргізіп, ата-ана қуаныш білдіріп, арман тілегін айтады?
Халық жаңылтпаштарды қандай мақсатпен ойлап шығарған?
Халық санамақты қандай мақсатпен шығарған?
Төмендегі санамақтардың қай түрінде сөз табу арқылы баланың ақындық қабілетін байқатады, ал егер ол ұйқас таба алмаса, жеңілген болып табылады?
Жұмбақтарды Аристотель қалай атаған?
Мақалдар – ол:
Төмендегі қайсысы балалар жырына жатпайды?
Мазақтамаларды халық не үшін шығарған?
Жұмыс десе, шалағай; Тамақ десе, қанағай; Жүрміз саған жоламай; Әй, Шалабай, Шалағай,- деген мазақтамалар балаларды неге тәрбиелейді?
Бөбекті қырқынан шығару қандай рәсім?
Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға “азан шақырып ат қою” рәсімін кім орындайды?
Ертеде балаларға Итбай, Бөрібай, Итемген, Күшікбай т.б аттарды не себеп-қойған?
Бесікке салу рәсімі, көбіне, қашан өткізіледі?
“Ізеттілік” ұғымы нені білдіреді?
Жігіт пен бойжеткеннің әкелері қандай құда деп аталады?
Жігіттің 3 жұрты болады. Олар:
Айтыстың қай түрінде айтысушы әріптестер белгілі бір тақырыпта, көбінесе жаттанды өлеңдерін бір шұмаққа бір жауап ретінде айтысады?
Айтыстың қай түрінде бір адам екіншісіне жұмбақтап сауал қояды, екінші ақын оның шешуін өлеңмен айтады?
Н.Құлжанованың бала тәрбиесінің жаңа түріне арналған кітаптарына жатпайтынын тап:
Шешендік сөздердің негізгі 3 түрі бар. Төмендегілердің ішінен қатесін тап:
Өсиет – бұл ...
Захириддин Бабырдың шығармасын көрсет:
Орхон жазба ескерткіштеріне жатады:
“Қорқыт ата кітабінің” толық жазбасы неше жырдан құралған?
“Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін көрсету”, - деген нақыл сөздердің  авторы кім?
Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білік” дастанында қай саладағы тәлімдік  мақсаттар орындалады?
Ахмет Яссауидің “Даналық кітабында” төртінші бөлім “Хақиқат” деп аталады. Бұл сөздің мағынасы не?
Қазақ мектептеріндегі “сынып- сабақ жүйесін” қалыптастырып, оқу мерзімін 7,5 айға белгіленуін ұйымдастырған педагог кім?
А. Құнанбаевтың “Сегіз аяқ”,  “Ата- анаға көш қуаныш” өлеңдері не нәрсеге тәрбиелейді?
Ш.Уалихановтың ғылыми еңбектерін тап:
Ж. Айтмауытовтың шығармалары ғылымның қай бағытында жазылған?
Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің қандай екі тегін көрсетті?
Ахмет Байтұрсыновтың қай шығармасы басылып, жарияланбады?
Қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш романның авторы?
“Қара Қыпшақ Қобыланды”, “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу”сияқты жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып, пьеса ретінде көрсеткен қазақ жазушысы?
Этнопедагогикалық шығармаларды сахнада дайындау кезінде басты алты әдіс қолданылады. Олар: талап ету, болашаққа сендіру, жаттықтыру, іздену, ... Қалған екеуін тап.
Төле бидің бір жиындағы “Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,  он” деген жұмбағын кім дәл тауып шешті?