Тест сұрақтары
M(2;0;0) H(0;0;0), P(0;4;0), H1(0;0;4) MHPKM1H1P1K1 тікбұрышты параллелепипед төбелері болса, М1 нүктесінің координатасын табыңыз.
M(2;0;0) H(0;0;0), P(0;4;0), H1(0;0;4) MHPKM1H1P1K1 тікбұрышты параллелепипед төбелері болса, векторынынң координатасын табыңыз
A(2;0;0), B(0;0;0), C(0;2;0), B1(0;0;2) ABCA1B1C1 призмасының төбелері. С1 нүктесініңкоординатасынтабыңыз.
ОХ осінде орналасқан және А(-1;2;3), B(2;-3;1) нүктелерінен бірдей қашықтықта орналасқан нүктені табыңыз.
Координат басы арқылы өтетін және центрі P(2;-4;1) болатын сфераның теңдеуін көрсетіңіз.
Центрі P(-1;3;1) және x2+y2+z2-2x-2y=2 сферасын жанайтын сфераның теңдеуін көрсетіңіз.
Бірлік шеңберге сырттай квадрат сызылған. Шеңбердің кез келген нүктесінің квадраттың төбелеріне дейінгі қашықтықтардың квадраттарының қосындысын табыңыз.
АВСD ромб қабырғасы 8 см, А=450, Ромб жазықтығына ВЕ перпендикуляр тұрғызылған. Е нүктесі АD түзуінен 4см қашықтықта. Е нүктесінен АВС жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
ЕАВСD дұрыс пирамида қыры 2-ге тең, О – табан диагональдарының қиылысу нүктесі. ВЕ және CD векторларының скаляр көбейтіндісін табыңыз.
АВСD параллелограмында ВD диоганалі АD табанына перпендикуляр, B=1350. Трапеция ауданы 49 см2 болса, АD қабырғасын табыңыз.
АВС үшбұрышында АВ=3см, АС=5см. К нүктесі А төбесінің биссектрисасына қарағанда В нүктесіне симметриялы болса, СК-ны табыңыз.
Тең бүйірлі тік бұрышты АВС үшбұрышы АС катеті бойынан К нүктесі алынған. 5АК=ВК болса. К нүктесі АС катетін қалай бөледі.
АBC үшбұрышында бұрыш С тік, бұрыш А 300. С нүктесі арқылы жазықтыққа СМ перпендикуляр жүргізілген. АС=18 см, СМ=12 см. М нүктесінен АВ түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
МРНК тетраэдр табанында МРН үшбұрышы орналасқан, Н бұрышы 900. НК табан жазықтығына перпендикуляр. К нүктесінен МР түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.КН=9 см, РН=24 см, МРН=300.
Ромб АВСD бұрыш А=600, қабырғасы 4 см. АЕ түзуі ромб жазықтығына перпендикуляр. Е нүктесінен DC түзуіне дейін 4 см. Е нүктесінен ромб жазықтығына дейін қашықтықты табыңыз.
АВСD параллелограмында АВ=20 см, Параллелограмм жазықтығынан тыс М нүктесінен АВС жазықтығына ВМ перпендикуляр. МА және АВС жазықтығы арасындағы бұрыш 600 болса, М нүктесінен АВС жазықтығына дейін қашықтықты табыңыз.
Тең бүйірлі АВС үшбұрышы АС=CB=a, ВАС=300, жазықтықтан тыс М нүктесінен АВС жазықтығына СМ – перпендикуляр тұрғызылған, СМ=а. АМ және МВС жазықтығы арасындағы бұрышты табыңыз.
АВСDА1В1С1D1 тікбұрышты параллелепипедте АD=2, А1В1=3, СС1=5 болса, АС1 –ні табыңыз.
АВС үшбұрышында ВС=6 см, АСВ=1200. Үшбұрыш жазықтығынан тыс М нүктесінен АВС жазықтығына ВМ перпендикуляр тұрғызылған. ВМ=3 см. М нүктесінен АС түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
АВСD – тіктөртбұрыш. Дұрыс DМС үшбұрышы АВС жазықтығына перпендикуляр. МDА және АВСD жазықтықтар арсындағы екіжақты бұрышты табыңыз.
АВСD ромб қабырғасы 8 см, А=450, Ромб жазықтығына ВЕ перпендикуляр тұрғызылған. Е нүктесі АD түзуінен 4см қашықтықта. Е нүктесінен АВС жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңыз.
DАВС тетраэдр табаны АВС дұрыс үшбұрыш қабырғасы 4 см. DВС және DВА жақтары жазықтықтың табанына перпендикуляр. Ортақ қыры 2 см. АС қырындағы екіжақты бұрышын табыңыз.
АВС және МВС дұрыс үшбұрыштар, ВС=2. МВС жазықтығы АВС жазықтығына перпендикуляр болса, М нүктесінен АС қабырғасына дейін қашықтықты табыңыз.
АВСDА1В1С1D1 кубы диагоналі АС1=2. М, Н және Р – сәйкесінше В1С1, D1С1 және СС1 қырларының орталары. Кубты МНР жазықтығымен қиғандағы қима периметрін тап.
АВСDА1В1С1D1 тік параллелепипед табанында параллелограмм, АВ=4 см, АD=6 см, ВАD=600. АD және В1С1 қырлары арқылы табанына 450 бұрышпен көлбеген жазықтық жүргізілген болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.
АВСDА1В1С1D1 тік параллелепипед табанында ромб, ромб қабырғасы а-ға тең, ВАD=600. В1D диагоналі табан жазықтығымен 450 жасаса, толық бетінің ауданын табыңыз.
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 5 см, биіктігі 7 см. Толық бетінің ауданын табыңыз.
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жақтары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейінгі қашықтық 2 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.
Кубтың диагоналі 3-ке тең. Кубтың толық бетінің ауданын табыңыз
Текшенің (кубтың) қырын 2 есе арттырсақ, онда оның көлемі неше есе артады?
Төртбұрышты дұрыс призма табанының ауданы 144 см2, ал биіктігі 14 см. Көлемін тап.
Тік бұрышты параллелепипед өлшемдері 15 м, 50 м, 36 м. Оған тең шамалас кубтың қырын табыңыз.
Кубтың қырын 2 см-ге арттырса, оның көлемі 98 см3 –ге арттады. Берілген кубтың қыры неге тең?
Тік бұрышты параллелепипедтің үш өлшемдері 1 см, 2 см және 2 см. Диагоналын табыңыз.
Дұрыс үшбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5-ке тең, ал биіктігі 4-ке тең. Пирамида көлемін табыңыз.
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5, ал биіктігі 4. Пирамида көлемін табыңыз
Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табан қабырғасы 6-ға тең, ал биіктігі 4-ке тең. Пирамида көлемін табыңыз.
Кубтың қыры а-ға тең. Кубтың толық бетінің ауданын табыңыз.
Жиырма тең қабырғалы үшбұрыштан құралған фигура қалай аталады?
Алты квадраттан құралған фигура қалай аталады?
Он екі дұрыс бесбұрыштан құралған фигура қалай аталады?
Ұштарының қайсысы соңы және қайсысы басы екені көрсетілген кесінді не деп аталады?
Кеңістіктің кез келген нүктесін не деп атауға болады?
Нөлдік емес екі вектор бір түзудің бойында немесе параллель түзулердің бойында жатса, оларды не деп атайды?
Егер векторлар бағыттас және ұзындықтары тең болса, онда оларды қандай деп атайды?
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданы ретінде нені аламыз?
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданының формуласы
Цилиндрдің толық бетінің ауданының формуласы
Тікбұрышты үшбұрышты оның бір катетінен айналдыру арқылы нені аламыз?