Тест сұрақтары
-
Астық тұқымдастарында паразитті тіршілік ететін, қаракүйе саңырауқұлағының үш негізгі биологиялық ерекшелігін атаңыз
-
Қалталы дискомицеттер саңырауқұлақтарының ішінде жеуге жарамды түрлері
-
Гименофора дегеніміз не
-
Гименомицеттердің табиғаттағы маңызы
-
Базидиоспоралар толық пісіп жетілгенге дейін жемісті денелері алмұрт, түйнек, жұмыртқа тәріздес болады
-
Саңырауқұлақтардың, қыналардың, балдырлардың бекінуіне арналған , тамырға ұқсас жіпше тәрізді өсінділер қалай аталады.
-
Трутовиктерге тән қасиеттер.
-
Аскомицеттердің класс тармақтарына бөлудегі негізгі принциптер.
-
Плектомицеттердің жемісті денелері қандай және оларда аскалар қалай орналасқан.
-
Жемісті денелері перитеций, сирек жағдайда клейстотецийлі пирономицеттерге жататын қандай саңырауқұлақтар
-
Жетілген саңырауқұлақтардың жемісті денесі-апотециийлі топтарын көрсетіңіз.
-
Капустаның көшетінде « Қара аяқ» ауруын туғызатын саңырауқұлақ.
-
Гастеромицеттерге тән қасиет.
-
Переноспоралы саңырауқұлақтар қандай ауру түрін туғызады.
-
Шаштарда, мүйіздерде, туяқтарда тіршілік етуге бейімделіп, белгілі бір экологиялық топтарды құрайды. Оларды…
-
Органикалық заттарды шірітіп ,гумус түзуге қатнасатын саңырауқұлақтар…
-
Базидиомицеттердің даму циклінде қандай фаза басым
-
Насекомдарда облигатты тіршілік ететін зигомицеттер қатарына жататын саңырауқұлақтардың өкілдері
-
Саңырауқұлақтардың қандай кластарына төмендегі қасиеттер тән; мицелийі жоқ, бар болса тек бастамасы ғана болады, зооспора мен гаметасы қозғалысты, бір талшықты. Жыныс процесі изо, гетеро, оогамий.
-
Саңырауқұлақтардың қандай кластарына төмендегідей қасиеттер тән; мицелийлері жақсы жетілген, клеткаланбаған, зооспорасы екі талшықты. Жыныс процесі оогамий, жынысты жолмен ооспора түзіледі.
-
Қандай саңырауқұлақтардың мицелийлері клеткаланбаған.Спорангиоспоралары (сирек жағдайда конидии) қозғалыссыз. Жыныс процессі –зигогамия.
-
Төменгі формадағы аскомицеттердің қалталары қайда түзіледі
-
Ульваның денесі қандай талломдардан тұрады
-
Қандай саңырауқұлақтардың түрлері екі талшықты зооспоралармен, кейбір түрлері конидиялармен көбейеді.
-
Полиморфизм немесе әртүрлі формадағы спораларды түзу қасиеттері бар құбылыс қандай саңырауқұлақтарға тән.
-
Тат саңырауқұлағының патогенді немесе жазғы стадиясы қандай стадия деп аталады:
-
Аскомицеттердің аналық гаментангиясы қандай бөліктерден тұрады
-
Қара күйе саңырауқұлағының қандай кезеңдеріндегі мицелиилері сау өсімдікті зақымдай алады.
-
Саңырауқұлақтар салыстырмалы түрде қандай екі топқа бөлінеді.
-
Қандай саңырауқұлақтардың гимений жылда тіршілігін жояды.
-
Төменде көрсетілген саңырауқұлақтардың қайсысы дискомицеттерге жатады.
-
Аспергилус саңырауқұлағы өсімдіктерде қандай ауру тудырады.
-
Агариктерді көбінесе неге пластинкалы саңырауқұлақтар деп атайды.
-
Базидиомицеттердің гимений қандай
-
Күлтесі тіл тәрізді, гүлшоғыры себет, барлық континентерде таралған, көп жылдық өсімдік
-
Тамырларында түйнек бактериялары тіршілік етеді. Гүлшоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас. Жапырағы күрделі. Қай тұқымдасқа жатады.
-
Бүлдірген, малина немесе құлпынайдың гүлтабанының формасы қандай.
-
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген, қорғауды қажет ететін өсімдік топтары
-
Құрамында алколоид опиум, морфин,кодеин т. б. заттар қай тұқымдасқа тән.
-
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден негізгі бір айырмашылығы болып саналады.
-
Бидайық,қоңырбас,селеу, бетеге қай тұқымдасқа жатады.
-
Жапырақ тақтасының қынабы қай тұқымдаста жақсы жетілген.
-
Еріндігүлділер тұқымдасының сабағының пішіні.
-
Азотқа, калийге, фосфорға бай топырақтарда өсетін арам шөп түрі.
-
Алқалылар тұқымдасына жататын туыстар.
-
Жабықтұқымды өсімдіктердің аналық гаметофиті неден тұрады.
-
Жапырақтары күрделі өсімдік.
-
Сасыр, борщевик, сәбіз т. б. туыстар қай тұқымдасқа жатады.
-
Анемофильді тозаңдану көбінесе қай тұқымдасқа жатады.
-
Лалагүлділердің жемісін көрсетіңіз.