Тест сұрақтары
Крахмал картоптың қай мүшесінде түзіледі?
Картоптың қай мүшесінде крахмал қорға жиналады?
Гүлдің қай мүшесі қорғаныс қызметін атқарады?
Гүл формуласы Ca(5) Co 1+2+(2) А(9)+1G1 қай өсімдікке тән?
↑P(2)+2 А3G1 – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
Са5 Co5A∞ G(3)– формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
*Са(5) Co(5) A5-∞ G(5) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
↑Са(5) Co1+2+(2) A(9)+1 G1 – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
Са(0) Co(5) A(5) G(2) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
*Р6 A3+3 G(3) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
*Р2-5 A2-5 G(2-5) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
↑Са(2+3) Co(2)+(3) A2+2 G(2) – формуласы қай тұқымдас гүліне келеді?
Зигоморфты гүл қандай өсімдік түріне тән?
Актиноморфты гүл қандай өсімдік түірне тән?
Гүл дегеніміз:
Гүлдердің өте майда және айқын түсті болмауы, шірнеліктерінің (нектарник) нашар дамуы, тозаңдарының өте көп, кішкене болуы тозаңданудың қай түріне жатады?
Бір гүлдегі аталық тозаңның аналық аузына келіп түсуін қалай атайды?
Төменде берілген өсімдіктердің қай түрінде сүйекті-шырынды жеміс кездеседі?
Жел арқылы тұқым мен жемістің таралу жолы қалай аталады?
Екіүйлі өсімдік:
Қандай жемісте жеміс қабы жарғақты болып, ал тұқымдары еркін жатады?
Қандай жемісте жеміс қабы сүректі, ал тұқымдары еркін жатады?
Қандай жемістің тұқымдары саңылауынан төгіледі?
Мына өсімдіктердің қайсысының тұқымы ақуызға бай?
Тұқым неден пайда болады?
Бұршаққап деген не?
Бір жеміс жапырақшасынан пайда болатын, бауыр жағынан ашылатын, бір ұялы жемісті ата:
Екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұратын, оларды біріктіретін жіктер арқылы ашылатын, екі немесе көп ұялы жемісті ата:
Екі жеміс жапырақшаларынан пайда болатын, арқа және бауыр жақтарындағы жіктері арқылы ашылатын, екі ұялы көптұқымды жемісті ата:
Құрлысы жағынан бұршаққын тәрізді, бірақ ұзындығы енімен немесе бір-екі есе ғана артық жемісті ата:
Бір немесе бірнеше жеміс жапырақшасынан тұратын, бір ұялы, жеміс серігі сүректенген жемісті көрсет:
Екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір тұқымды тұқым жеміс серігімен кірікпейтін, бос орналасқан жеміс түрі:
Бір тұқымды, екі жапырақшасынан пайда болған құрғақ жеміс. Жеміс серігі тұқым қабығымен бірігіп өсіп, жұқа қауызға айналған жеміс:
Жеміс серігінде қанатты жарғақ өскіншесі бар тұқымша:
Бір немесе бірнеше жеміс жапырақшларынан тұратын түзілген көптұқымды, жеміс серігі шырынды, жұқа экзокарпий қабаты шырынды мезокарпиймен біріккен жеміс түрі:
Пайда болуына жатымен бірге тостағанша, күлте жапырақшларының және гүл аталықтарының негіздері қатынасатын, эндокарпийі етженді, әрі қалың мезокарпий қабатымен бірігін өскен, экдокарпийі бес ұялы қатты тері қабатты құрайтын, әрбір ұяда екіден тұқым орналасатын жеміс түрі:
Жақсы жетілген жеміс серіктерінің үш қабаттарынан тұратын, эзкокарпийі – жұқа қабықша жемістің сыртын қоршап жататын, мезокарпийі – жемістің жұмсақ әрі шырынды негізгі бөлігін, эндокарпийі –жемістің сүректенген, қалыңдаған, яғни сүйекке айналған бөлігі болатын жемісті ата:
Гүлдің төменгі жатынанан, үш жеміс жапырақшасынан қалыптасқан, түрі қасандаған, қалың экзокарпий және етженді мезокарпий қабаттарынан тұратын, жемісті құратын екі қабаты бірігіп өскен жеміс:
Жемісінде экзокарпий және мезокарпий қабаттары жұмсақ тері сырты қабықты құраса, эндокарпий жемістің шырынды әрі етженді бөлігін құрайтын, жемістің сыртқы қабығы етженді бөлігінен тез аршылатын жеміс:
Осі жақсы жетілген, онда орналасқан гүш сағақтарының ұзындығы бірдей болып келетін гүл шоғырын ата:
Гүлшоғырының осінде, сағақсыз қондырмалы гүлдер орналасатын гүл шоғырын ата:
Гүлшоғырының осі жуандаған етженді келетін, қондырмалы сағақсыз гүлдер орналасатын, гүлшоғырларының сыртында кей жағдайларда жамылғы орама жапырақтары болатын гүлшоғырын ата:
Гүлшоғырының негізгі сабағында гүл сағақтарының ұзындығы әртүрлі, төменірек орналасқан гүлдерінің сағақтары ұзарып, гүлшоғырлардың беткі деңгейімен бірдей болып теңелетін, сырттай қарағанда жай шатырша гүлшоғырына ұқсас, гүлдері бір деңгейде орнласатын гүлшоғырды ата:
Гүлшоғырының негізгі осі қысқарған, дәл ұшынан ұзын, әрі біркелкі сағақты гүлдері бір жерден шығатын, бір деңгейде аяқталатын гүл шоғырын ата:
Гүлшоғырларынsң осі қысқарған, үстіңгі беті жазық, ойыс және дөңес болатын, ұсақ қондырмалы гүлдері тығыз орналасқан, жиегін жасыл түсті орама жапырақтары қоршап тұратын, олар қорғаныш қызметін атқаратын гүл шоғырын ата:
Гүлшоғырының негізгі осі бұтақтанатын, екінші жүйедегі бұтақшаларда сағақты гүлдер орналасатын гүлшоғырды ата:
Гүлшоғырның негізгі осі моноподиальды бұтақтанып, жанама тармақтарды беретін, жанама тармақтарда гүл сағақтарының ұзындығы әртүрлі гүлдер орналасқан, гүлшоғыры осінің үстіңгі бөлігінде орналасқан гүлдердің сағақтары қысқа, төменгі гүлдердің сағақтары ұзын болатын гүлшоғырды ата:
Гүлшоғырының қысқарған негізгі осінен ұзындығы бірдей, екінші реттегі осьтер пайда болатын, оларды сағақтары біркелкі гүлдер орналасатын, гүлсағақтарының түп жағында жекеленген орама жапырақшалар кездесетін гүл шоғырды ата:
Негізгі осі моноподиальды бұтақтанып, жанама тармақтарды беретін, жанама тармақтарда сағақсыз бірнеше гүлдер орналасатын гүл шоғырды ата:
Гүлшоғырының қай түрінде жуан және ұзын, ортақ осіне даражынысты гүлдері сағақсыз орналасады?