Тест сұрақтары
-
Әдебиеттану ғылымының үш саласы:
-
Көркем шығармада көтерілген әлеуметтік мәселе-тақырып болса, сол әлеуметтік мәселе аясындағы түрлі оқиғалардың, адамдар тағдырын суреттеу арқылы жазушының алға қойған мақсаты, айтпақ ойы, танытпақ шындығы осы туындының .... болмақ. Көп нүктенің орнында:
-
Абайдың “Мәз болады болысың” өлеңіндегі образ түрі:
-
Образдың қай түрі әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрін суреттейді?
-
Өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын, көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.
-
“Новелла-бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме” деген кім?
-
Эпостық шығармалардың ең қысқа түрі:
-
Адам көңілінің жабырқау, мұңлы-сырлы күйін танытатын шағын көлемді лирикалық өлең түрі қалай аталады?
-
Көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау:
-
...Құланнан атты қодықты, Көлден тартты борықты. Арада неше қоныпты, Жетемін деп зорықты .... Ұйқас түрін табыңыз:
-
Ұйқас дегеніміз не?
-
Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе:
-
Қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы:
-
...Сен құрметте оны! Түсіндің бе, қарағым? Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын Ерікеннен де ұстап жүрген жоқ, Қолтықтағы ұзын таяғын. Айшықтаудың түрін анықтаңыз:
-
Сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да, түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету терминде қалай аталады?
-
...Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші есіл ер! Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер! Троптың түрін анықтаңыз:
-
“Дем алысы-үскірік, аяз бен қар”. Талдаңыз:
-
Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз:
-
“Көркем шығарма жазу - әрқашан пішін жағынан өнер табу, мазмұн жағынан жаңалық ашу” деген пікірдің иесі кім?
-
Ш.Құдайбердіұлының “Еңлік-Кебек” поэмасындағы Еңлік образы:
-
Өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі:
-
Көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы:
-
М.Әуезовтің “Қараш-Қараш оқиғасы” повесінің негізгі тақырыбы:
-
Көркем шығармадағы кіріспелердің бір түрі:
-
Сатиралық лириканың озық үлгілерін туғызған қазақ ақындары:
-
Лириканың өзгеше бітімді, белгілі бір дәстүрлі өлшеммен жазылатын түрі:
-
Элегия дегеніміз не?
-
Проза жанрының ең кемелді жоғары түрі:
-
Эпостың жанрлық түрлері:
-
Әдебиет теориясының үш негізгі ұғымы:
-
М.Әуезовтің “Айман-Шолпан” туындысы драманың қай түріне жатады?
-
... Анамыздай жер иіп емізгенде, Бейне әкеңдей үстіңнен аспан төнер. Талдаңыз:
-
...Күншілдер өледі, Арғымақ өледі, Көңілін от қарып. Артында шаң қалып. Батырлар өледі, Ақындар өледі, Борышын атқарып. Бәріне таң қалып! Қайталаудың түрін анықтаңыз:
-
Адамның, яки ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі:
-
... Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Арнаудың түрі:
-
... Жоғарғы ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп. Талдаңыз:
-
М.Әуезовтің “Абай жолы” романындағы жуандар бейнесі:
-
“Әдебиет-таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл-күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді” дегенді айтқан кім?
-
Кемшілікті, мін-мүлтікті астармен перделеп сынау, сықақтау, мысқылдау, кекету:
-
Эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында -сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын көркем бейне:
-
Өлең жүйесінің ең көне түрі:
-
Л.И.Тимофеев өлең жүйесін қандай екі топқа бөліп қарастырған?
-
Қазақ әдебиетінде “әңгіменің хас шебері” атанған жазушы:
-
...Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге, Мал толтырсам деп едім. Ұйқас түрін табыңыз:
-
...Орай да борай қар жауса, Қалыңға боран болар ма? Туырлығы жоқ тұл үйге, Ту байласаң тұрар ма? Арнаудың түрін көрсетіңіз:
-
Эвфемизм дегеніміз не?
-
...Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Талдаңыз:
-
«Иә, әдебиет шындықты шыңдайды және шегелейді» деген пікірді айтқан кім?
-
А.Байтұрсынов өнер атаулыны неше топқа бөліп қарастырған?
-
«Комедияның атасы» атанған көне грек ойшылы: