Тест сұрақтары
-
Драмадағы ең шешуші нәрсе:
-
«Драма сахнада ғана тіршілік етеді, сахнасыз драма – денесіз дем» деген сөздің авторын анықтаңыз:
-
Парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр:
-
Эпиграмма дегеніміз не?
-
Әрі әдеби, әрі газет жанрына жататын эпостың түрі:
-
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр неше түрге бөлінеді?
-
…Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Ұйқас түрін анықтаңыз:
-
Табу дегеніміз не?
-
... Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Талдаңыз:
-
Тіл, сөз жайын тексеретін ғылымның түрлері:
-
Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе – шығарманың ... . Көп нүктенің орнында:
-
Сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы:
-
Фабула дегеніміз не?
-
Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға бейнесі қандай бейнеге жатады?
-
Кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип:
-
«Роман-эпопеяның ең басты ерекшелігі онда халықтың, ұлттың, Отанның тағдырын шешетін оқиғалардың суреттелуі» деген пікірдің авторы кім?
-
«Роман – жанрлардың құдайы» дегенді айтқан кім?
-
Сырдың суын түгесу, бір қыздың буын он нарға артып жүру, еншіге бір емес, мың қоян алу. Троптың түрін анықтаңыз:
-
«Барлық сыншылдардың ішінде ең ұлы, ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы - ....». Көп нүктенің орнында:
-
Арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа арналып жазылған сыршыл өлең:
-
Эпитафия дегеніміз не?
-
М.Абайұлының «Медғат-Қасым» дастаны поэманың қай түріне жатады?
-
... Бұлттан шыққан айға ұқсап, Тұр еді Назым нұрланып, Атлас көйлек үстінде, Көк арбаға сүйеніп Шыбықтай белі бұралып. Ұйқас түрін анықтаңыз:
-
Қазақ поэзиясында өлең ырғағының тірегі:
-
Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы Қартқожаның прототипі кім?
-
Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрі астында» туындысы драманың қай түріне жатады?
-
Абайдың «Жүрегім менің қырық жамау», «Ішім өлген сыртым сау» туындылары қандай өлең үлгісімен жазылған?
-
…Хан емессің, қасқырсың, Қара албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын. Мінездеудің түрі:
-
Портрет түрі:
-
Көркем шығармада кейіпкердің бет пішіні, киім киісі, жүріс-тұрысы, жалпы сырт келбеті тұрғысының суреттелуі:
-
Жазушының өзі көтерген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, таңытпақ шындығы:
-
Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» драмасы:
-
Эллипсис дегеніміз не?
-
…Ұйқыдан соң – Жапырақпын Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – құспын Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған. Қайталау түрі:
-
Перифраз дегеніміз не?
-
…Қарыңды қағып су қылдым, Суыңды сілкіп бу қылдым, Түніңнен таң атқыздым, Жеріме жұлдыз жаққыздым. Троптың түрі:
-
Ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл:
-
Қоғамдық дамумен сабақтас тыңнан туған соны мағыналы сөздер:
-
Өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі:
-
Әдебиеттегі адам бейнесінің шынайы түрі:
-
Әдебиеттің болмысы мен бітімін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, өлең жүйелері мен әдеби жанр мәселелерін қарастыратын әдебиеттану ғылымының бір саласы:
-
…Гималай-көктің кіндігі Гималай-жердің түндігі:
-
“Танауың қайсы десе, аузын көрсететін Аралбайдың ұлына мұндай қалыңдықты құдай кезіктірген-ақ екен”:
-
“Абай жолы” эпопеясындағы Құнанбай бенесі:
-
Бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды түр-түсі бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы жасалатын айшықтаудың бір түрі:
-
Адам бейнесінің қулық-түлкі,зорлық-арыстан,қастық-қасқыр бейнесінде құбылып көрсетілуі:
-
Қайталаудың түрлерін тап:
-
…Қара жерге қар жауар Қарды көр де, етім көр Қар үстіне қан тамар Қанды көр де бетім көр. Айшықтаудың қай түрі бар бұл өлеңде?
-
Пішін мен мазмұнның негізгі ерекшеліктерінің бірін көрсет:
-
Шығармадағы тартыс дегеніміз не?